• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Маусым 16, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

22.10.2022
0
Республика күні ұлттық мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар.

Қазақстан Республикасына сіңірген зор еңбегі үшін «Халық қаһарманы» атағы мемлекет және қоғам қайраткері Қайырбек Сүлейменовке, әлеуметтік-гуманитарлық дамудағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы көрнекті жазушы Дулат Исабековке және «АтырауАгроӨнімдері» ЖШС директоры  Владимир Розметовке берілді.

«Отан» орденімен «Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» РМҚК артисі К.Әспетова және «Алтын–Әсел» ЖШС директоры Х.Өтеуұлы, І дәрежелі «Барыс» орденімен – қоғам қайраткері М.Әуезов, «Жұлдыз» журналының Бас редакторы М.Құлкенов, «Автомобиль жолдары басқармасы» ЖШС директоры М.Үдербаев, ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен –  ақын Ө.Оралбаев, «М. Әуезов атындағы педагогикалық колледж» КМҚК директоры Ш.Жанаева, ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен –  «Қазақстандық заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы С.Ақылбай, «Ұлттық өнер» ЖШС директоры Т.Бурмистрова, белгілі қоғам қайраткері Ж.Құлекеев, «Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры» МКҚК артисі С. Өтемісұлы, «Экономика институты» РМК бас директоры Ә.Сатыбалдин және басқалар марапатталды.

Белгілі ғалымдар, мәдениет қайраткерлерінің, өндіріс саласы өкілдерінің еңбегі «Парасат» орденімен атап өтілді, олардың арасында «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік орталығы» АҚ бас директоры С.Әдекенов, «Шымкентмай» АҚ президенті Д.Адырбеков, еңбек ардагері Ж.Аманбаев, Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының директоры С.Ахметов, «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Р.Баталов, «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ басқарма төрағасының орынбасары – бірінші проректоры Ғ.Байтоқ, «А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты» РМҚК бас ғылыми қызметкері Т.Жанұзақов, ақын Р.Бүркітбаева, «Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы» мекемесінің ректоры Ө.Жалаири, «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КеАҚ профессоры Б.Кәрібозұлы, «Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» РМҚК жетекші актрисасы В.Крымская, «Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты» РМК бас директоры Д.Мәсімханұлы, саясаттанушы Б.Нұрмұхамедов, «Астана медицина университеті» КеАҚ кафедра меңгерушісі Р.Рақымжанова, М. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалының директоры А.Сидорович, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы Н.Өтпенов бар.

ІІ дәрежелі «Достық» орденіне «Татнефть» ААҚ бас директоры Наиль Маганов, «Астана» халықаралық қаржы орталығы» АҚ халықаралық төрелік орталығының төрағасы Барбара Доманн, Моңғол ғылым академиясы Археология институтының бөлім меңгерушісі Алтангэрэлийн Энхтор және басқалар ие болды.

«Құрмет» орденімен марапатталғандар қатарында «Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары архиві» РММ бас сарапшысы Л.Ақтаева, «Республикалық қан орталығы» РМК директоры Д.Бекиров, «Казахстанская правда» газетінің Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі Л.Доброта, «Павлодар қаласының № 16 мектеп-лицейі» КММ мұғалімі Ж.Жақсылықова, «Үржар ауданының № 2 аудандық ауруханасы» КМК бас дәрігері Н.Жақиянова, «Алатау» театрының директоры Р.Заитов, «Мирас» ШҚ басшысы Б.Қарабаев, Жетісу облысының олимпиадалық резерв дайындау орталығының директоры М.Мамыров, «Ядролық физика институты» РМК бас инженері А.Мартюшов, еңбек ардагері М.Сүлейменов бар.

Өнеркәсіп, транспорт, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа материалдық өндіріс салаларының 76 жұмысшысы мен еңбеккері, соның ішінде 2 еңбек династиясының өкілдері «Еңбек Даңқы» орденінің иегері атанды.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ғылым және мәдениеттің 28 көрнекті өкіліне берілді. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен 260 адам наградталды.

Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, елдің ұлттық қауіпсіздігін нығайтуда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы ІІ дәрежелі «Даңқ», ІІ және ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ер­лігі үшін» медальдарымен марапатталды.

Наградталғандардың  тізімі жергілікті баспасөзде жарияланады.
ақорда кз

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

«ҚАЗАҚСТАН — ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТТЕРІНІҢ ІЗІМЕН»

«ҚАЗАҚСТАН — ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТТЕРІНІҢ ІЗІМЕН»

Айғақ медиа
16.06.2026
0

Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 11 сәуірдегі Өзбекстанға жасаған сапары аясында Шавкат Мирзиёевпен өткен кездесуден кейін «Қазақстан–Өзбекстан Президенттерінің ізімен» жобасы бастау...

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

«AMANAT» партиясы мен «Әділет» партиясы бірікті. Тарихи шешім Астанада өткен «AMANAT» партиясының XXVI съезінде қабылданды. Делегаттар бұл бастаманы бірауыздан қолдап,...

ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ БАҚ СЫНАДЫ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Бүгінде этнос өкілдері қазақ тілін еркін меңгеріп, қоғам өміріне белсенді араласып келеді. Осы бағыттағы жұмыстарды насихаттау және мемлекеттік тілдің мәртебесін...

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Шымкентте ішкі істер органдарының есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Полиция департаменті мен Мансап орталығы...

ҚАУІПТІ ДРИФТ ҚАМАУМЕН АЯҚТАЛДЫ

ҚАУІПТІ ДРИФТ ҚАМАУМЕН АЯҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Шымкентте жол қозғалысына қауіп төндірген екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қос темір тұлпардың жүргізушілері қалың...

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.