70 жылдан кейін әкесін іздеп тапқан Салқынбек Қалдаров өмірден озды.
Жарты ғасырдан кейін жақынын тапқан Салқынбек Қалдаров Түркістан облысы, Сайрам ауданында туған. Естеріңізге сала кетейік, қария ұрыс даласында белгісіз кеткен әкесін сабыла 76 жыл іздейді. Тек, Ұлы Жеңістің 68-жылдығы қарсаңында, 2013 жылы ғаламтор арқылы асқар тауы әкесі Қалдар Байбағысовтың қай жерде қаза тапқандығын естіп, ақтық демі таусылған жерге баруды ұйғарады. Көрші Ресей еліндегі іздестіру тобынан жеткен жаңалықты ести сала, «Айғақ» телеарнасына келіп, іле-шала сапарға дайындық жұмыстары басталды. Жат жерде жатқан боздақтың есімі құлыптасқа қашалып жазылып, жауынгердің туған ауылынан бір уыс топырақ алынды. 2013 жылдың тамыз айында Ресей Федерациясына жасалған сапар барысында Салқынбек Қалдаров пен біздің арнаның түсірілім тобы Ржев қаласынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан Успенское ауылына арнайы барды.
Соғыста қаза тақан майдангер аталған ауылдан 5 шақырым жерде орналасқан Гнилева деревнясындағы бауырластар зиратында жерленген. Ну орманның ортасындағы елдімекен картада болғанмен, бүгінде ол жерді тірі жан мекен етпейді екен. Тек Успенское поселкалық билігінің көмегі арқасында бауырластар зиратына барып, Салқынбек Қалдаров әкесінің басына құлыптасты арулап қойды. Осылайша елін, жерін жаудан қорғап, жат жеред қаза тақан боздаққа туған жердің бір уыс топырағы 76 жылдан кейін бұйырды.
Перзенттік парызын өтеген жауынгердің ұлымен «Айғақ» телеарнасының басшысы Дулат Әбіш жыл сайын Жеңіс мерекесі қарсаңында жолығып, «Даңқ» мемориалында әке әруағына Құран бағыштап отыратын.
Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.