• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Шілде 6, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

«SAMRUK-KAZYNA TRUST» БЕРГЕН ГИПОТЕРМИЯ АППАРАТТАРЫ 22 НӘРЕСТЕНІҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

29.09.2022
0

«Samruk-Kazyna Trust» қорының демеушілік қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Басқарылатын гипотермия» жобасының алғашқы нәтижелері жарияланды. 2021 жылдың мамыр айынан бастап 2022 жылдың қыркүйек айына дейін автоматты гипотермия жабдықтары арқылы 22 жаңа туған нәресте құтқарылып отыр.

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан қазіргі заманғы гипотермия аппараттары мен энцефалография мониторларын Қарағанды, Талдықорған, Ақтау, Өскемен, Орал қалаларындағы бес облыстық перинаталдық орталық және Шымкент қаласының қалалық перинаталдық орталығы алды. Жабдықтардың жалпы құны 132 миллион теңгені құрады.

«Басқарылатын гипотермия» жобасы басталған күннен бастап 6 аппаратта 22 баланың өмірі құтқарылды. Қарағанды облыстық көпбейінді аурухананың перинаталдық орталығында автоматты гипотермия аппаратында ауыр және орташа ауыр асфиксиямен туған 16 бала аман қалды. Гипотермия аппараттары орнатылғаннан кейін бірден Ақтауда 3 сәбиге, Талдықорғанда, Өскеменде және Шымкентте бір сәбиден күтім жасауға пайдаланылды.

«Бүгіннің өзінде «Басқарылатын гипотермия» жобасының жемісі әсерлі болып отыр. Біз берген аппараттар тәжірибелі неонатолог дәрігерлердің қолында көп жылдар бойы жұмыс істейтін болады. Денсаулық сақтау саласындағы өңірлік жобаларды қолдау — «Самұрық-Қазына» АҚ үшін маңызды басымдықтардың бірі. Бұл еліміздегі балалар өлімін қысқарту сынды өткір әлеуметтік мәселелені шешуге  компаниялар тобымыздың қосқан үлесі», — деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» қоры бас директорының орынбасары Серғожа Қалиасқаров.

Мамандандырылған жабдық пайда болғанға дейін реанимацияда қолда бар құралдармен механикалық гипотермия қолданылып, бұл әрқашан қанағаттанарлық нәтиже бермеді. Қажетті температураны 72 сағат бойы тура 34 градус ұстап тұру, ал содан кейін баланы біртіндеп жылыту өте қиынға соқты. «Самұрық-Қазына» АҚ-ның «AYALA» қайырымдылық қорымен серіктестікте көрсеткен көмегінің арқасында перинаталдық орталықтардың реанимацияларында бұл еңбекті көп қажет ететін үдеріс енді толық автоматтандырылған. Нәтижесі — онда құтқарылған балалардың өмірі мен функционалдық денсаулығы.

«Көмек сұраған өтінішімізді «Samruk-Kazyna Trust» қоры мен «AYALA» қайырымдылық қорының жауапсыз қалдырмағанына шексіз қуаныштымыз. Жақында орнатылған жабдықтардың арқасында біз ауыр асфиксиямен туған баланың өмірін сақтап қалдық. Бұл осы жабдыққа деген жоғары сұранысқа айқын дәлел. Шымкент қаласының болашақ аналары осы құнды сыйлық үшін демеушінің атына айтылатын алғысымызға қосылатынына сенімдімін», — деп атап өтті Шымкент қаласы перинаталдық орталығы директорының міндетін атқарушы Дәулет Сатов.

Терапиялық гипотермияны жаңа туған нәрестенің өмірінің алғашқы сағаттарында қолдану қажет. Аппарат жаңа туған нәрестенің дене температурасын автоматты түрде біртіндеп төмендетеді және ондаған сағат бойы оны қажетті деңгейде ұстайды. Тек бұл бала ағзасындағы метаболизмді өзгертуге, оның бас миын глюкозамен қамтамасыз етуге және сол арқылы орталық жүйке жүйесінің жасушаларын қорғауға және қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Гипотермия аппаратына жиынтықта жүретін амплитудалық электрэнцефалография мониторы дәрігерлерге қолданылатын терапияны бақылауға және тиімді түзетуге көмектеседі.

«2017 жылы біздің қор Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен «Басқарылатын гипотермия» жобасын қолдау туралы меморандумға қол қойды. Осы уақыт ішінде Қазақстанның 12 қаласында «AYALA» қоры орнатқан жабдықтар арқылы 235 жаңа туған нәрестенің өмірі мен денсаулығы құтқарылды. Біз «Samruk-Kazyna Trust» қорына Қазақстандағы алты балалар реанимациясын балалар өлімі мен мүгедектігін азайтуға көмектесетін жабдықтауға көмектескені үшін ризашылығымызды білдіреміз», — деп атап өтті «AYALA» ҚҚ президенті Айдан Сүлейменова.

Байланысушы тұлға: Наталья Еськова, «AYALA» қайырымдылық қорының коммуникациялар жөніндегі вице-президенті, тел.: +7 727 356 17 56 (ішкі 5069), ұялы тел.: + 7 701 211 0672,  natalya@ayala.kz

 

 

 

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактикалық іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.