Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕГІ ЖАҺАНДЫҚ САММИТКЕ ҚАТЫСТЫ
    Бас ақпарат

    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕГІ ЖАҺАНДЫҚ САММИТКЕ ҚАТЫСТЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа21.09.2022283 Views

    Қасым-Жомарт Тоқаев Африка одағы мен Еуропа Одағының бірлескен төрағалығымен өткен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі жаһандық саммитке қатысты

    Жиынға Еуропалық Кеңестің президенті Шарль Мишель, Испания Премьер-министрі Педро Санчес, Канада Премьер-министрі Джастин Трюдо, Сенегал Президенті Маки Салл, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен және басқа да әлемдік саясаткерлер қатысты.

    Мемлекет басшысы бүгінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету әлемдегі ең өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ 2019 жылы осы форматта өткен соңғы кездесуден бері азық-түлік тапшылығына тап болған адамдардың саны 135 миллионнан 345 миллион адамға дейін өскеніне назар аударды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық азық-түлік тапшылығымен күресу үшін Қазақстан алдағы уақытта өзінің ауыл шаруашылығы әлеуетін пайдалануға ниетті екенін мәлімдеді. Президент біздің еліміз астық пен азық-түліктің басқа да негізгі түрлерінің сенімді жеткізушісі болып қала беретінін айтты.

    Мемлекет басшысы аштыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі күш-жігерді жандандыруға шақырды. Осы ретте, Президент Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымымен және өңірдегі БҰҰ институттарымен түрлі сатып алу жобалары, соның ішінде Ауғанстан қажеттіліктері үшін ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін жеткізді.

    Президент Қара теңіз астық бастамасын жүзеге асыруды жақтап, азық-түлік пен тыңайтқыштарды барлық санкциялар мен шектеулерден босатудың, оларды кедей елдерге жеткізуді қамтамасыз етудің маңызды екенін атап өтті.

    Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің транзиттік-көлік мүмкіндіктеріне, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің әлеуетіне тоқталды.

    – Алдағы жылдары Қазақстан арқылы жүк тасымалдау көлемі айтарлықтай артады деп болжап отырмыз. Қысқа қарай Қазақстан энергия ресурстары мен аса маңызды шикізат тауарларының тапшылығын азайта алады, – деді Мемлекет басшысы.

    Президент климаттың өзгеруіне және азық-түлік жүйелерінің құрылымдық тұрғыда әлсіздігіне байланысты сын-қатерлерге де тоқталды. Сондай-ақ Қазақстан халықаралық транзиттік хаб ретінде жаһандық және тұрақты жеткізу тізбегін құруға қабілетті екенін жеткізді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы нәубет кезінде Қазақстан аштық қасіретін бастан кешкенін, сондықтан азық-түлік проблемаларын шешуге толық мүдделі екенін айтты.

    ақорда кз

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.