Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
    Айғақ MEDIA

    ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа08.05.2022612 Views

    Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Қазығұрт ауданындағы соғыс ардагерлерінің үйіне арнайы барып,
    Жеңіс күнімен құттықтады. Ардақты ақсақалдарға құрмет көрсетті, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Түркістан облысындағы соғыс ардагерлерінің басым бөлігі осы Қазығұрт ауданының тумалары. Бұл аймақта 100 жастан асқан 4 майдангер тұрады.

    Жаңабазар ауылындағы 100 жастағы ҰОС ардагері Исабай Жүзеев өңір басшысына соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісті. 1922 жылы Қазығұрт ауданында дүниеге келген қария жеңісті Берлинде қарсы алған көп қазақтың бірі болған. Бірнеше медаль мен ордендердің иегері.

    – Жас ұрпақ, тарих сіздердің ерліктеріңізді ұмытпайды. Адамзат тарихындағы ең күрделі әрі зұлмат соғыста біздің батыр аталарымыз ерлік көрсетіп, Ұлы Жеңіске үлес қосты. Солардың қатарында Түркістан облысының да ардагерлері бар. Ардагерлерімізге тұрақты түрде қолдау көрсетіліп келеді. Өйткені олар – көзі тірі қаһармандар, – деген Өмірзақ Шөкеев ақсақалмен тілдесіп, сыйлық табыс етті.

    Аймақ басшысы 100 жасқа келген ҰОС ардагері Иса Телікбаевты Жеңіс күнімен құттықтап, сый-құрмет көрсетті. Батыр аталар ел азаматтарына ақ баталарын беріп, Тәуелсіздік мәңгі болсын деген тілектерін жеткізді.

    Иса Телікбаев небәрі 20 жасында
    Ленинград майданына қатысқан. ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды. «Ленинградты қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медалдарының иегері. «Құрмет» орденімен марапатталған. 6 ұл-қыздан 17 немере, 16 шөбере сүйіп отыр.

    Бүгінде өңірімізде 5301 соғыс ардагері мен оларға теңестірілгендер тұрады. Оның ішінде 22 соғыс ардагері мен соғыс мүгедегі ұрпаққа өнеге беріп жүр. Биыл оларға 1 млн теңгеден қаржылай көмек берілді. Облыста Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендер саны 154 болса, 5 мыңнан астам тыл еңбеккері бар.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.