Созақ аудандық полиция бөліміне жаңа басшы тағайындалды
Бүгін ҚР ІІМ полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың келісімімен, Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің бұйрығымен Түркістан облысы Созақ аудандық полиция бөлімінің бастығы тағайындалды. Ол — полиция подполковнигі Жасұлан Нысанбаев.
Жаңа басшыны жеке құрамға ТО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Бағлан Халықов таныстырды.
Полиция подполковнигі Жасұлан Нысанбаев осы уақытқа дейін облыста қылмыстың азаюына өзіндік үлесін қоса білген тәжірибелі маман. Бұған дейін ол Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған.