• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Шілде 19, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ МЕДИАЦИЯ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

16.02.2022
0

Бүгін облыс орталығындағы «Басқармалар үйі» ғимаратында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің отырысы өтті.

Іс-шараның мақсаты – ел бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтуда медиация тетігін тиімді пайдалану, дауласушы тараптарды құқықтық жолмен өзара келісімге келтіру, заңның үстемдігі арқылы бірлікті сақтау. Жиынды Түркістан қалалық сотының төрайымы, медиация кеңесі төрағасының орынбасары Айгүл Жаңбырбаева ашып, жүргізіп отырды. Кеңес отырысында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы медиация кабинетінің 2021 жылы атқарған жұмыстары талқыланды. Басқосуға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы – этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің басшысы Ерлан Керімбеков, Түркістан облыстық прокуратурасының басқарма аға прокуроры Марат Ахметов, Түркістан облыстық Полиция департаментінің басқарма басшысының орынбасары Қалкен Темиров, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашев, Азаматтарға арналған үкімет КЕ АҚ мемлекеттік корпорациясы Түркістан облысы бойынша филиалының Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Жазира Әбдібай, Түркістан облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Марат Оңласов, облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысының орынбасары Ерназар Баетов және өңірдегі кәсіби медиаторлар қатысты, — деп хабардайды Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің баспасөз орталығы

Жиында сөз алған Айгүл Жаңбырбаева өркениетті елдерде бүгінде медиация институтына мықтап ден қойылып жатқанын, бұл ретте медиация ұғымы қазаққа да жат емес екенін тілге тиек етті.

– Соңғы жылдары ел аумағында медиацияға ерекше мән берілуі біздің дәстүрімізден жаңылмай, жаңашыл болуымызды, болашағы біртұтас ел болуымызды меңзейді. Өркениетті қоғамның іргесі заң болса, тұғыры – құқық. Медиация дегенде ең алдымен дауласушы тараптарды құқықтық жолмен өзара келісімге келтіру, заңның үстемдігі арқылы бірлікті сақтау мәселесі айтылады. Түркістан облысында Ассамблея жанынан медиация кабинеті ашылып, медиация кеңесі белсенді жұмыс істеуде. Облысымыздың қала мен аудан аумағындағы кәсіби және қоғамдық негіздегі медиаторлардың ықпалымен дау-дамайларға нүкте қойылып, тараптар өзара келісімге келуде, – деді Айгүл Махмұтқызы.

 

Келелі жиында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің эксперт-медиаторы Дана Кенжеқұлова облыстық ҚХА жанындағы медиация кабинетінің 2021 жылы атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады. Сондай-ақ отырыста Медиация кеңесінің құрамындағы өзгерістер жайы талқыланды.

 

Жиында белгілі болғандай, бүгінде Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының аудан, қалаларда 19 медиация кабинеті жұмыс істейді. Оларда 17 кәсіби, 39 кәсіби емес медиатор азаматтарға құқықтық көмектер, даулы мәселерді сотқа дейінгі шешу жұмыстарымен айналысады. Былтыр ҚХА мен Түркістан облыстық және аудандық соттармен бірлесе, облыс көлемінде медиация институтын дамытуға бағытталған 28 іс-шара (18 «дөңгелек үстел» отырысы, 10 семинар) өткізіліп, оған 1500-ге жуық адам қатысқан. Медиаторлардың қатысуымен ұйымдастырылған іс-шаралардың нәтижиесінде 1366 дау медиация рәсімі арқылы сотқа дейінгі және сот барысындағы тәртіппен, оң шешілді.

 

Кездесу барысында қатысушылар өңіріміздегі этносаралық тұрақтылықты сақтау бойынша өз ойларын ортаға салып, сұрақ-жауап түрінде пікір алмасты.

 

Кеңес отырысында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы – этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің басшысы Ерлан Керімбеков этномәдени бірлестіктердің жетекшілері аймақтарға шығып, түйткілді мәселелерді шешуге және медиация жұмысын жандандыруға өзіндік үлесін қосып, белсенділік танытуы керектігін айтты.

 

Жиын соңында А.Жаңбырбаева өңірдегі қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде жалғасатындығын жеткізіп, облыс бойынша барлық медиация орталығымен әріптестік байланыс орнатылғанын атап өтті.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МӘСЛИХАТЫНА ЖАҢА ТӨРАҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МӘСЛИХАТЫНА ЖАҢА ТӨРАҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
17.07.2026
0

Шымкент қаласының мәслихатына жаңа төраға тағайындалды. Депутаттардың ашық дауыс беру қорытындысы бойынша бұл қызметке Мұрат Жолдықожаев сайланды. Бұған дейін мәслихат...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ-2026: АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ-2026: АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Айғақ медиа
17.07.2026
0

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына байланысты "Айғақ" телеарнасы, "Айғақ" газеті мен әлеуметтік желілердегі сайлауалды үгіт...

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА БЕТБҰРЫС

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА БЕТБҰРЫС

Айғақ медиа
17.07.2026
0

Елімізде жаңа Конституцияның ресми күшіне енуіне орай Жұмабек Тәшенов атындағы университетте дөңгелек үстел өтті. Басқосуда Ата заңда айқындалған білім беру,...

БІРҚАТАР ЖОҒАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАР ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛА АЛАДЫ

БІРҚАТАР ЖОҒАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАР ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛА АЛАДЫ

Айғақ медиа
17.07.2026
0

Конституциялық Сот Ата заңның бірқатар нормаларына ресми түсіндірме берді. Онда Жаңа құжаттың 43, 72, 83 және 84-баптарында көзделген жоғары мемлекеттік...

10 МЛН ТЕҢГЕЛІК АЛАЯҚТЫҚҚА ТОСҚАУЫЛ

Айғақ медиа
16.07.2026
0

Шымкентте киберполиция 10 миллион теңгені алаяқтардың қолына түсуден сақтап қалды. Белгісіз адамдар қала тұрғынына хабарласып, өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып,...

31 ЗАҢСЫЗ ҚОҚЫС ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ

МЕГАПОЛИСТЕН ШЫҚҚАН ЖАС ТАЛАНТ

Айғақ медиа
16.07.2026
0

Жүзу – төзімділік пен тәртіпті талап ететін спорт түрі. Шымкентте осы спортқа қызығатын жастардың қатары жыл сайын артып келеді. Солардың...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.