Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Арыс»АРЫСТА КӨПБАЛАЛЫ ЕКІ ОТБАСЫҒА БАСПАНА ТАРТУ ЕТІЛДІ
    Арыс

    АРЫСТА КӨПБАЛАЛЫ ЕКІ ОТБАСЫҒА БАСПАНА ТАРТУ ЕТІЛДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа04.02.2022300 Views
    Түркістан облысы, Арыс қаласында «Қолғабыс» қайырымдылық қоры «TezCo Trade» компаниясымен бірлесіп, көпбалалы екі анаға баспана салып берді. Бұл қор Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекованың ұсынысымен 2021 жылы құрылған. Қысқа уақыт ішінде қор өкілдері әлеуметтік жағдайы төмен жүздеген отбасыны отын-сумен, азық-түлігі, киім-кешек сияқты күнделікті қажеттіліктермен қамтамасыз етіп келеді. Бұдан бөлек, 9 ай ішінде төрт отбасына баспаналы болу бақытын сыйлап отыр.
    Тұрғын үйді тұрғызуға атсалысып, көпбалалы отбасыларға азық-түлік пен тұрмыстық техникалар секілді басқа да материалдық көмек ұйымдастыруда белсенділік танытқан – «TezCo Trade» ЖШС. Қазіргі кезде компания басшысы Қайрат Бағланұлының арнайы тапсырмасымен Арыс қаласының 6 тұрғыны жұмысшы санатына тіркеліп, оларға бір айлық жалақы есебімен жәрдемақы тағайындалған.
    Жаңа баспанаға ие болған жандардың бірі – 2020 жылдың шілдесінде асыраушысынан айырылып, төрт перзентін өзі асырап отырған Рано Əбсейітова. Ол осы кезге дейін үйсіз болғандықтан балаларымен бірге анасының үйінде тұрып, жәрдемақымен ғана жан бағып келген.
    Баспана алу бақытына ие болған екінші отбасының 7 перзенті бар. Отанасы Эльмира Əбекова осы кезге дейін бала-шағасымен жалдамалы пәтерде, оған шамасы келмей қалған сәттерде саяжай мен қараусыз қалған үйлерді баспана етіп келген. Мемлекет тарапынан балаларына берілетін жәрдемақымен жан баққан ол біршама уақыт бұрын жол апатына ұшырап, жұмысқа жарамсыз жағдайға түсіп қалған.
    Қуанышына кенелген қос отбасын Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова арнайы құттықтап, шаңырақтарына шаттық тіледі. «Қолғабыс» қорына және оның төрағасы Сырлыбек Мұсабековке, демеушілік танытып, материалдық көмек ұсынуда белсенділік танытқан компания мен барша ізгі жандарға алғысын білдірді.
    Баспанаға мұқтаж жандарға берілген екі тұрғын үйдің жалпы аумағы 101 шаршы метрді құрайды. Мұнда екі бөлмеден бөлек ас және жуыну бөлмесі, әжетханасы бар. Ал қабырғасы күйген қыштан тұрғызылып, іші-сырты заманауи үлгідегі құрылыс материалдарымен қапталған. Тағы бір ерекшелігі – бөлме санын көбейтуге немесе қосымша құрылыс жүргізуге болатындай ыңғайлы жоба таңдалған.
    Айта кетейік, жақын күндері Арыс қаласында 240 пәтер «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында сатып алу құқығынсыз үлестірілетін болады. Оның ішінде 120 пәтер көпбалалы отбасы санатында тіркелген азаматтарға, ал 120 пәтер әлеуметтік осал топ санатында (20 пайызы жетім балаларға) тұратын жандарға беріледі деп жоспарланған.
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.