Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»ІІМ ТЖ РЕЖИМІ КЕЗІНДЕГІ ЕРЕЖЕЛЕРДІ ЕСКЕ САЛДЫ
    Бас ақпарат

    ІІМ ТЖ РЕЖИМІ КЕЗІНДЕГІ ЕРЕЖЕЛЕРДІ ЕСКЕ САЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа13.01.2022201 Views

    ІІМ Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес 5 қаңтардан бастап 19 қаңтарға дейін ел аумағында төтенше жағдай енгізілгенін еске салады, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    Осыған байланысты төтенше жағдай кезінде:

    1) қоғамдық тәртіп ережелерін, жүріп-тұруға шектеулерді және коменданттық сағат режимін сақтауға міндетті;

    2) аса қажет болмаса өз үйлерінен шықпауға және тұрғындар көп жиналатын жерлерге баруды шектеу;

    3) өзімен бірге жеке басты куәландыратын құжаттары, автокөлікпен жүріп-тұру кезінде оларға тиесілілігін растайтын тіркеу және өзге де құжаттары болуға тиіс;

    4) бейбіт жиналыстар, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шаралар, ереуілдер, сондай-ақ тууға, үйлену тойына, қайтыс болуға байланысты отбасылық рәсімдер және т.б. шараларды ұйымдастырмауға және өткізбеуге міндетті;

    5) Ішкі істер немесе қорғаныс органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері өздеріне өтініш жасаған жағдайда олардың заңды талаптарын орындауға міндетті. Полиция органдары мен әскери қызметкерлердің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіретін арандатушылықтарға немесе басқа да әрекеттерге бармауы тиіс.

    6) полиция немесе комендатура органдарына үшінші тұлғалардың қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпке, конституциялық құрылысқа немесе аумақтық тұтастыққа нұқсан келтіретін қылмыстарды немесе өзге де әрекеттерді жасауының немесе жоспарлауының белгілі фактілері, сондай-ақ күдікті адамдар туралы хабарлауға міндетті.

    Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғатын әкімшілік құқық бұзушылықтарға Қазақстан Республикасы Кодексінің 476-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.

    Ішкі істер министрлігі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыскерлер мен тонаушыларды ұстау, стратегиялық маңызды объектілерді күзету жөніндегі іс-шараларды жалғастырады және азаматтардан белгіленген уақыт шектеулерін сақтауды сұрайды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.