1 желтоқсан — Тұңғыш президент күніне орай Арыс қалалық мәдениет үйінде салтанатты шара өтті. Мерекелік іс-шараға қала әкімі Гүлжан Құрманбекова, қала тұрғындары, зиялы қауым өкілдері мен еңбек ардагерлері қатысты.
Шара барысында Гүлжан Мамытқызы құттықтау сөз сөйлеп, өңірдің дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады.
Ал салтанатты кеш қалалық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты