Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСОВТЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
    Айғақ MEDIA

    ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСОВТЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа25.11.2021880 Views

     Бүгін Түркістанда қазақ даласының батыры Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдық мерейтойына арналған қазақ күресінен дәстүрлі халықаралық турнир басталды. Әлемдік доданы Түркістан облысы әкімдігі ұйымдастыруда. Жарыстың ашылуы барысында батыр баба туралы телефильм көпшілік назарына ұсынылды.

     Кіл мықты балуандар бәсекесіне биыл Ресей, Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген 200-ден астам апайтөс саңлақтар қатысып, бақтарын сынауда. Бұған дейін бұл халықаралық турнир өзінің деңгейінен түскен емес. Қажымұқан бабамыз қазақ күресін әлемдік аренада дамытқан бірден бір тұлға. Жыл сайын ауқымы кеңейіп келе жатқан бұл турнирдің маңызды екендігін жеткізген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сакен Қалқаманов жарыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеп, күрестің әлемдік деңгейде өркендеп жатқанын айта өтті.


    «Керуен сарай» əмбебап орталығындағы «Арена шоу» ойын сауық кешенінде қазақ күресінен өтіп жатқан бұл күрес додасында түркістандық балуандар көш бастауда. Боз кілемде таланттарымен танылған мықты саңлақтардың арасында жеңімпаз болған балуанға бас жүлдеге темір тұлпар беріледі. Түркістан облысының әкімдігі бұл доданың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына ат салысып, талай жас балуандардың тұсауын кесуге ықпал етуде. Қажымұқан атамыздың немересі халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Шаттық Қажымұқан бұл турнирге арнайы келіпті.


    Қазақ күресін дүниежүзі бойынша дамытуда маңызы жоғары бұл халықаралық турнирге көршілес елдерден ресейлік, өзбекстандық және қырғызстандық ең танымал деген балуандар қатысуда. Ел Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген батыр бабамыздың 150 жылдығы Түркістан облысында кеңінен бастау алуда.Бұл додада барлық спортшыларға даңқты балуан жайлы жазылған кітап беріліп, тарихи мұражайы ашылды. Ал, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараевтың бастамасымен қазір аудан, ауылды жерлерде жастар арасында қазақ күресі заман талабына сай жаңғыртылуда.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.