Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»100 есім»Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ
    100 есім

    Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа13.10.20211 264 Views

     Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік инвестициялық жоба жүзеге асады. Нәтижесінде 1050 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Бұл туралы жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерін орындауы туралы баяндаған өңір басшысы бұл бағыттағы маңызды жоспарлармен бөлісті.

    Түркістан қаласындағы туристік нысандар бойынша ақпараттар әлемдегі ең ірі «http://xn--ripadviser-mwi.com/» саяхатшылар порталына енгізілді. Облыстың туристік нысандарымен танысудың кәсібилік сапасын арттыру және өңірге келетін қонақтар, туристермен жұмыс жүргізетін гид-экскурсоводтардың білікті кадрлар санын ұлғайту үшін 50 гид-экскурсовод мамандары даярланды.

    «Түркістан қаласына келуші туристер саны артып келеді. Жыл басынан 1,1 млн. адам келіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,6 есе артты.

    Түркістан қаласының туристік әлеуетін арттыру бағытында «Түркістан-Шымкент-Ташкент» жоғары жылдамдықты теміржол магистралі салынады. Бұдан бөлек, Түркістан қаласы аумағында жағажай демалыс орындарын ұйымдастыру мақсатында жасанды көл, ескек есу каналы, туристік-рекреациялық аумақ салынып жатыр. Келер жылы аяқтау жоспарлануда. Тау-шаңғы туризмін дамыту мақсатында Төлеби ауданында «Қасқасу туристік-рекреациялық орталығы» салынады. Бүгінгі таңда, инженерлік инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде. Аталған жобаларды іске асыру облысымыздың туристік әлеуетін арттырып, қосымша жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді»,-деді облыс әкімі өз сөзінде.

    Алдағы 5 жылда облысқа келуші туристер санын 2,5 млн. адамға жеткізу жоспарланған. Туризм саласында кәсіби мамандарды даярлау, сервистік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында Түркістан қаласында ашылған Халықаралық туризм және меймандостық университетінде 2 мыңға жуық жас білім алуда. Университ студенттері халықаралық үлгідегі екі диплом алады. Бұл оларға өз мамандығы бойынша әлемнің кез келген нүктесінде кедергісіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

    Түркістан облысы тарихи және мәдени мұраға бай және ашық аспан астындағы өзіндік мұражай болып табылады. Облыс аумағында 1663 тарихи және мәдени ескерткіштер орналасқан (1 халықаралық маңызы бар Қ.А.Ясауи кесенесі, 31 республикалық, 421 жергілікті маңызы бар, 1210 алдын ала тізімдегі нысандар).

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.