• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қараша 1, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет PDF

ЖЕТІСАЙДЫҢ ҒАСЫР ЖАСАҒАН ҚАРИЯЛАРЫ ҰЛТТЫҚ САНАҚҚА ҚАТЫСТЫ

21.09.2021
0

Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округіне қарасты Бәйтерек ауылының 101 жастағы тұрғыны Забира Смаилова әжейдің әулеті ауылдық округтің мамандарының көмегімен Ұлттық халық санағына онлайн тіркелді. 1920 жылы дүниеге келген қария ашаршылық пен жоқшылықты басынан өткізіп, екінші Дүниежүзілік соғыстың куәгері болған кейуана 9 перзенттің анасы. Тың игеруге қатысып, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары тұралап қалған ауылдарды қалпына келтіру ісіне атсалысқан.

Қолына кетпен алып шабық шауып, масақ терген. Диірменде ұн өткізіп, мал да баққан. Адал еңбегінің арқасында елдің құрметіне бөленіп, кеңес дәуірінде өмір бойы колхозда қарапайым жұмысшы болып, белі талмай еңбек еткен қарияның өмір жолы көпке үлгі боларлықтай. Ғасыр жасаған қарт ана елде жақсылықтың толастамауын тілейді.

«Осындай тоқшылықта, бейбіт елде өмір сүріп жатқан сендер бақытты ұрпақсыңдар ғой. Оқ пен оттың қатері жоқ. Сондықтан, қолда бар құндылықтарды бағалай білу керек. Кезінде аш та болдық, жәутеңдеп үреймен өмір сүрдік. Бүгін міне, өз еркіміз өзімізде. Тәуелсіз елміз. Барымызға қанағат жасап, болашаққа жақсы үміттермен өмір сүре білейік. Қашан да еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын»,- деген Забира әжей елдегі болып жатқан жағымды жаңалықтардан да хабардар екенін білдіріп, елді ынтымақ-бірлікке шақырды.

Оның 9 перзенттен тараған 40 немере мен 120 шөберенің үлкен әулетке айналғанын айтуға болады. Кезінде қолымен канал қазып, жер жыртып, мақта терген, түйекеш те болған әжейдің үлкен ұлы Төлеген Смаиловтың өзі бүгінде 70-тен асқан. Мемлекеттік есеп – халық санағының жүргізілуін дұрыс деп біледі. Өз отбасымен белсене қатысып отыр.«Санақтың жүргізілуі өзіміз үшін маңызды. Өйткені, осы санақ арқылы бәріміздің есебіміз жүргізіледі. Жалпымемлекеттік есепке алынған соң біздің демографиялық, экономикалық, әлеуметтік жағдайымызға, өсімімізге қарап мектеп, балабақша, аурухана, үй салады. Оның игілігін өзіміздің перзенттеріміз, халқымыз көреді» дейді ол.

Айта кетейік, бүгінде Жетісай ауданында жасы 100-ден асып, ғасырды ғасырға жалғаған 6 қария тұрады. Ұзақ жасаушылардың 5-і қарт әжелер болса, 1-і ақсақал қария. Бәрі де тыл ардагері. Маңдай терімен шөл даланы гүлдендірген ұзақ жасаушылар жергілікті жердегі әкімдіктер арқылы жалпымемлекеттік санақтан онлайн өтіп отыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Ө.БАТЫРБЕКТІҢ ӨШПЕС ӨНЕРІ

БҮГІНГІ ТӘРБИЕ – ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ

Айғақ медиа
30.10.2026
0

Ата сөзі ақылдың көзі. Ұлттық құндылықты ұлықтап, ұрпақтар сабақтастығын жалғау мақсатында Шымкент қаласының ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері бір алаңда...

Ө.БАТЫРБЕКТІҢ ӨШПЕС ӨНЕРІ

АЛАЯҚТАРҒА ҚАРСЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ

Айғақ медиа
30.10.2026
0

Енді көпе-көрнеу жасалатын алаяқтық схемалардың жолы кесіледі. Өйткені шымкенттік жастар жасанды интеллекттің көмегімен өзгенің атын жамылып жарнама жасаушы парақшалар мен...

Ө.БАТЫРБЕКТІҢ ӨШПЕС ӨНЕРІ

КӨК АСПАНДАҒЫ МЕРЕКЕЛІК ШОУ

Айғақ медиа
30.10.2026
0

Республика күні Шымкент аспаны мың батпырауыққа толып, ShymCity Park аумағы мерекелік алаңға айналды. Мұнда арнайы фестиваль өтіп, мото маусымының жабылу...

Ө.БАТЫРБЕКТІҢ ӨШПЕС ӨНЕРІ

КӨК БАЙРАҚ АСҚАҚТАДЫ

Айғақ медиа
30.10.2026
0

Ел боламын деген жұрттың еңсесін тіктеп, рухын асқақтататын ұлық мерекесі бар. Ол – Республика күні. 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған...

ШЫМКЕНТ – ИНВЕСТИЦИЯ МЕН ИНДУСТРИЯНЫҢ ЖАҢА ӨСУ НҮКТЕСІ

ЕЛ ЕРТЕҢІНЕ БАҒДАР

Айғақ медиа
30.10.2026
0

Елдің ертеңі қандай болмақ? Қазақстанды жаңғырту жолында қандай басымдықтарға мән берілуі керек? Бұл сауалдарға жауап іздейтін еңбектердің бірі – Мәулен...

Ө.БАТЫРБЕКТІҢ ӨШПЕС ӨНЕРІ

КӘСІПКЕРГЕ ҚАНДАЙ ҚОЛДАУ БАР?

Айғақ медиа
30.10.2026
0

Кәсіпкер болу – тәуекелге бел буып, жауапкершілік арқалау. Ал бизнесті дамыту үшін қаржылай қолдаудың маңызы зор. Бүгінде кәсіпкерлерге қандай мүмкіндіктер...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.