• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қазан 18, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ТҮРКІСТАН: АҒЫН СУ ТАПШЫЛЫҒЫ АЛТЫ ЖОБА АРҚЫЛЫ ШЕШІЛЕДІ

21.09.2021
0

 Түркістан өңіріндегі 267 млн.м3 ағын су тапшылығы 6 жоба арқылы шешіледі. Облысты ағын сумен қамтамасыз ету мәселесі облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен отырыста талқыланды. Осы мақсатта облыс аумағында ауқымды жұмыстар жасалуда. Өңірде іске асырылып жатқан ірі су нысандарының құрылысы толық аяқталғанда ағын су тапшылығы толығымен жойылмақ.

Үкімет қаулысымен облыстағы 5 су нысаны, атап айтқанда «Бөген» су қоймасы, «Қосқорған» су қоймасы, «Түркістан» магистралды каналы, «Арыс» магистралды каналы және «Қараспан» магистралды каналы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бұйрығымен «Қараспан» су торабы республикалық меншіктен облыстық меншікке қабылданды.

Оларды күтіп ұстау мақсатында Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты «Бөген арнасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Мекемеде жаңадан 200-ге жуық штаттық бірлік жұмыс орны ашылып, 30-дан астам арнайы техникамен қамтамасыз етілді. Нәтижесінде Түркістан өңіріндегі су нысандарын бір қолдан басқару жүзеге асырылып, вегетациялық кезеңде ағын су тапшылығының алдын алуға негіз болды.

«Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары» аясында аграрлық салаға, оның ішінде Түркістан қаласы аумағында ағын су тапшылығын жою мақсатында ірі су нысандары құрылысын жүргізуге басымдылық берілді.

Атап айтқанда, Түркістан магистралды каналында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша бұрын ағын су 43 %-ға фильтрациялық шығынға ұшыраса, бүгінгі күні 36 шақырым каналды бетондау жұмыстарының нәтижесінде 22 млн текше су үнемделіп отыр. Жалпы жобасы аясында 60 млн.м3 су үнемделеді және қала аумағындағы 8 шақырым канал бойы абаттандырылады. Бүгінгі күні 1,5 шақырым абаттандырылды.

Ал, «Кеңсай — Қосқорған — 2» су қоймасын салу жобасы бойынша 34 млн текше ағын су жеткізіледі. Қазіргі таңда үлкен дамбы биіктігі 28 метрге дейін көтеріліп, 60 % бетонмен қапталды. Нәтижесінде, биылдың өзінде көктемгі тасқын сулар ысырабына жол берілмей 5 млн текше су жинауға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ «Жетікөл көлдер жүйесін жаңғырту» жобасы бойынша бөгет 34 шақырым ұзындыққа көтеріліп, биылғы жылдың өзінде 250 млн текше су жинақталды. Бұл жоба алдағы уақытта Түркістан өңірінің экологиялық жағдайын жақсартуға оңды ықпалын тигізеді.

«Сырдария өзенінен машиналық арна салу» жобасы бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жоба мемлекеттік сараптама қарауында. Нәтижесінде Түркістан қаласына жылына 53 млн текше ағын су қосымша жеткізілетін болады.

«Сарқырама» су қоймасын салу жобасы бойынша құжаттар әзірленуде. Вегетациялық кезеңде «Бөген» су қоймасына қосымша 50 млн текше су тасталып, Түркістан өңірі бойынша ағын су кепілді түрде жеткізіледі.

Сонымен бірге, Кентау қаласында «Қосқорған» су қоймасын одан әрі толықтыра отырып, су төмендету жүйесін салу жобасы қолға алынбақ. Вегетациялық кезеңде Түркістан өңіріне қосымша 70-95 млн текше дейiнгi ағын су жеткізілетін болады.

Сала мамандандарының қатысуымен өткен жиын барысында атқарылған жұмыстар мен қолға алынуы тиіс жобалар талқыланды. Ақсу өзенінің бойындағы «Орта Ақсу» және «Жоғары Ақсу» тоғандарына күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 40 млн.тг бөлінді. Ауқымды жұмыстардың нәтижесінде ағымдағы жылы вегетациялық кезеңде 10 млн текше ағын суды үнемдеп, Арыс өзені арқылы Бөген су қоймасына тасталды.Ал «Қапшағай» су қоймасын күрделі жөндеуден өткізген жағдайда сыйымдылығы 34 млн текше болатын су қоймасын қайта құруға және төтенше жағдайдың алдын алуға негіз болады.

Шардара ауданындағы «Жаушықұм» алқабын игеру арқылы 12,2 мың га суармалы жер жаңадан қосылады. Жылына орта есеппен 100 млрд. теңге. ауыл шаруашылығы өнімдері алынады. Жылыжай, балық өндірісі, қайта өңдеу саласы дамиды

Түркістан қаласының ішкі жүйелері мен жасыл аймақты, шаһар айналасына құрылған «Азық-түлік» белдеуін ағын сумен қамтамасыз ету бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіліп келеді. Облыс орталығында бірнеше жасанды көл салынып, есу каналының құрылысы жүргізілуде. Жалпы алғанда, 80 млн текше шамасында суды қажет етеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘСЕМДІК ПЕН ШЕБЕРЛІК САЙЫСЫ

ҰЛТТЫҚ ӨНЕР МЕН ЗАМАНАУИ СӘН ТОҒЫСТЫ

Айғақ медиа
17.10.2026
0

Шымкентте сән, ұлттық нақыш пен кәсіпкерлікті бір арнаға тоғыстырған TERRA көрмесі басталды. Үш күнге жалғасатын ауқымды  шара отандық брендтер мен...

ӘСЕМДІК ПЕН ШЕБЕРЛІК САЙЫСЫ

ӘСЕМДІК ПЕН ШЕБЕРЛІК САЙЫСЫ

Айғақ медиа
17.10.2026
0

Шымкентте көркем гимнастикадан қала әкімінің кубогы басталды. Байрақты бәсекеге Қазақстанның бірнеше қаласы мен Қырғыз Республикасынан да қатысушылар келген. Жалпы 400-ден...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

ОТАНҒА АДАЛДЫҚ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ: ӘСКЕРИ ТӘРБИЕНІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Сабыр Рахымов атындағы әскери колледжде алғаш рет 105 кадет Әскери ант қабылдап, ел алдындағы жауапкершілігін сезінудің маңызды қадамын жасады Шымкент...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

 «ТАРТЫЛ FEST»: ШЫМКЕНТТЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ АРТЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Шымкенттегі «Арбат» аллеясы спортсүйер қауымның басын қосқан алаңға айналды. Мұнда жастар арасында воркаутты дәріптеп, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған «Тартыл FEST»...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІККЕ ЖАҢА МҮМКІНДІК

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Қазақстан-Венгрия бизнес-форумында өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, технология тарту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Экономиканы әртараптандыру, шетелдік инвестиция тарту және...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында бой көтерген кешен мүгедектігі бар азаматтардың денсаулығын қалпына келтіруге және қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік береді....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.