Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТҮРКІСТАН: «ПОЛИГЛОТ» БАЙҚАУЫНЫҢ ҮЗДІГІ АНЫҚТАЛДЫ
    Айғақ MEDIA

    ТҮРКІСТАН: «ПОЛИГЛОТ» БАЙҚАУЫНЫҢ ҮЗДІГІ АНЫҚТАЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа15.09.2021949 Views

    Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау саласындағы қызметкерлері арасында облыстық «Полиглот» байқауы өткізілді. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған шараның мақсаты елдегі тіл саясатынының іске асырылуына қолдау білдіру.
    Тіл сайысының қатысушылары «Тәуелсіздік-тірегім» тақырыбында бейнеролик түсіру, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына» арнап мақала жазу және Тәуелсіз Қазақстан жайында сұрақтарға жауап беру сияқты кезеңдерден өтті. Байқауға 12 қызметкер қатысуға ниет білдіріп, барлық кезеңнен сүрінбей, финалға 10 үміткер шықты.


    Үш тілді жетік меңгерген қызметкер екенін дәлелдеген Төтенше жағдайларды жою басқармасының бас маманы, азаматтық қорғаныс аға лейтенанты Заңғарбек Бақтиярұлы мен Түркістан қаласының ТЖБ аға инженері, азаматтық қорғаныс аға лейтенанты Мейрамхан Бақытұлы, Кентау қаласының ТЖБ аға инженері азаматтық қорғаныс аға лейтенанты Қуаныш Нұралыұлы жүлделі ІІІ орыннан көрінді. Ал, ІІ орынды ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бас маманы, аға лейтенант Асылбек Ақылбекұлы, Сайрам аудандық ТЖБ инженері, аға лейтенант Абылайхан Есболұлы иеленсе, жүлделі І орынды ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері, а.қ. аға лейтенанты Бақдаулет Абытұлы иеленді. Байқау жеңімпазы алдағы уақытта республикалық тіл сайысында Түркістан облысының намысын қорғайды.
    Айта кетейік, байқауда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Е.Т.Сарыбаев. Түркістан қаласы әкімдігі «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің қазақ тілі пәнінің оқытушысы Р.А.Шерова, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ж.Н.Оразбаева, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Талдау, мониторинг және әлеуметтік зерттеу бөлімінің басшысы А.Б.Сұлтан, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту тобының бас маманы Г.С.Серік қазылық етті.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.