Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 13-ке жетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгінгі таңда Жамбыл облысындағы ТЖ орнында тағы бір адамның денесі табылды, ол кім екені анықталып жатыр», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, жарылыс кезінде ТЖМ-нің 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақатын алған.
