ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...
Көп түкірсе көл болар. Киелі Түркістан облысының жақсылыққа жаны құмар жұртшылығы жер-жерде ізгіліктің ұшқынын лаулатып, еншісі бөлінбеген қазақта жанқиярлықтың жұрнағын жалғады. Себебі, биылғы қуаңшылық Түркістан облысын да айналып өткен жоқ. Құрғақшылықтың зардабын сезсе де, Батыспен біргеміз деп демеу көрсетіп, көмек қолын созды. Сәті түсіп қасиетті жұмада саялы Сарыағаш ауданының теміржол станциясынан Маңғыстау және Қызылорда облыстарына 13 вагон шөп жөнелтілді. Игі іске мұрындық болып, мал азығын тасымалдауға Қазақстан Теміржол Ұлттық Компаниясы демеуші болып отыр.
Сауапты істің сардарлары Құрмет Талапқазы мен Мұратбек Солтанбай да мал азығын жөнелту шарасына қатысып, атсалысқан азаматтарға алғысын жеткізді. Ауызбіршілігі жарасқан жұрт — жұмыла көтерген жүк жеңіл деген қағиданы қаперінен шығармай, Маңғыстауға жіберілетін көмекті мұнымен тоқтатпақ емес.
Бұл бастамаға Бәйдібек ауданының ерікті азаматтары да күш біріктіруде. Қазіргі таңда шөп жинау жұмыстарын қолға алып, жақын арада Маңғыстауға мал азығын қосымша жөнелтпек.
Ағымдағы жылы қуаңшылық Түркістан облысының Келес және Сарыағаш аудандарының алқаптарына да кері әсерін тигізіп отыр. Жалпы алғанда өңірде ауылшаруашылығы малдарының ішінде ірі қара – 13 264 мың бас, ұсақ мал – 5850 бас, жылқы 427, 6 мың бас болса, түйе саны 39,5 мың басты құрайды. Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес қазіргі таңда облыстың агроқұрылымдарына орман қоры жерінен жайылымдық және шабындық жерлер ұсынылып, ағымдағы жылдың 6 айында 545 агроқұрылымға 562,9 мың га жайылым, шөп шабуға 1,5 га шабындық жер беріліп отыр. Ал 1 дана пресс шөптің бағасы қазіргі таңда 800 теңгеден саудалануда.
Сала мамандары шаруаларға алдағы уақытта мал азығы дақылдарын көптеп егуге кеңес беріп отыр. Сондай-ақ, шаруалар жайылымнан тапшылық көріп жатса, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес орман қорынан жер беруге дайын екендігін жеткізді.Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...
Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...
Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль иеленіп, ел мерейін үстем етті. Шымкенттік...
Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...
Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...
Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.