• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Мамыр 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

«250+» ЖОБАСЫ ШАЛҒАЙ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕГІ ХАЛЫҚТЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН ЖАҚСАРТАДЫ

22.07.2021
0

«250+» жобасы – бұл шалғай елді мекендердегі халықтың өмір сүру сапасын жақсартып, ауыл мен қала арасындағы цифрлық теңдікке қол жеткізіп қана қоймай, әлеуметтің барлық саласын дамытуға мүмкіндік ашады. Үш байланыс операторларының бірлескен күшімен жүзеге асатын жоба 250 тұрғыны бар ауылдық елдімекендердегі цифрландыру деңгейін арттыруға бағытталған. Ауыл тұрғындары үшін кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету жобасына қатысушы ұялы операторлардың бірегейі әрі абонент саны бойынша көшбасшы Beeline  компаниясы.

Суретте: Түркістан облысындағы жаңа базалық станцияның құрылысы мен монтажы

Жалпы сапалы интернетпен қамтамасыз ету — әлемді жайлаған пандемия кезеңінде маңызы жоғары. Себебі, жұмыс жасау барысы да, оқу, одан бөлек әлеуметтік қызметтер интернетпен тікелей байланысты.  Әсіресе, халқы тығыз шоғырланған Түркістан облысы мен миллион тұрғыны бар Шымкент қаласында сапалы интернетпен қамтамасыз ету ең өзекті мәселе. Beeline компаниясы аталмыш мәселені қолға алып, шалғай елді мекендерде жағдай жасауда.  Бүгінде Түркістан облысында Қазығұрт ауданының Еңбек ауылында, Арыс қаласының Қожатоғай елдімекенінде, Бәйдібек ауданының Кеңсай ауылында Beeline компаниясының базалық станциялары орналасқан. Алдағы уақытта Бәйдібек ауданының Тасқұдық елді мекенінде орналастыру көзделуде. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Шардара ауданындағы Қоссейіт, Жаушықұм, Көксу, Ұзыната, Бозай және Шардара ауылдары 4G байланысына қосылған болатын.

Суретте: Түркістан облысындағы базалық станцияларды жаңарту жұмыстары

Бір айта кететін жайт, облыста жаңа станцияларды салып, жаңа елді мекендерге байланыс өткізілгелі бері ауылдарда интернет трафигінің өсімі байқалады. Мәселен, 2021 жылдың 1-ші жарты жылдығын 2020 жылдың сол уақытымен салыстырғанда ауылда интернетті пайдалану 155%-ға өссе, қалада 78%-ға өскен екен. Сондай-ақ, осыдан бір жыл бұрын интернетті қала тұрғындары көп пайдаланса, қазіргі кезде ауыл тұрғындарының да пайдалану мөлшері өсіп, қала тұрғындарымен шамалас нәтиже көрсетуде.

Игі бастамалардың шарапатын ауыл тұрғындары көруде. Яғни, олар үшін телемедицина, интернет-банкинг, қашықтықтан білім беру, жұмыс істеу, желідегі кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарында жоғары жылдамдықтағы интернеттің пайдасы шаш етектен. Әсіресе, пандемия уақытында қашықтықтан оқытуда ауыл балалары үшін Beeline компаниясы тарапынан жасалынған жұмыстарға ауыл тұрғындары дән риза.

  • Менің балам биыл бірінші сыныпқа барған еді. Алғашқыда дәстүрлі түрде мектепке барғанымен, карантиндік талаптар күшейген тұста үйден оқуға тура келді. Интернет байланысына алаңдап едім, бекер болыпты. Beeline компаниясы базалық станцияны көрші ауылға орнатқандығының көп көмегі тиді. Ешқандай кедергісіз үй жұмыстарын онлайн түрде орындап, ұстазбен байланыста болдық. Ұлым алғашқы «білім баспалдағын» үздік аяқтады. Бүгінде жақсы байланыстың арқасында 350-ден аса отбасы интернетпен көп жұмыстарын үйден ұзамай-ақ, тындыруда. Үлкен рахмет!, — дейді Қазығұрт ауданы, Еңбекші ауылының тұрғыны Бақтияр Әбсағат.

Еске салайық, Vigo компаниясының мәліметінше Beeline – мобильді интернеттің сапасы жағынан Қазақстандағы  №1 байланыс операторы. Компания өз тұтынушылары үшін желі сапасын үнемі жақсартып отырады және шалғай елді мекендерді желіге қосу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде. Beeline операторы Қазақстандағы 9,5 миллион абонентке қызмет көрсетеді және Қазақстанның 30 ірі салық төлеушілерінің қатарына кіреді.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ЖӨНСІЗ ҚОЙЫЛҒАН ЖОЛ КЕДЕРГІЛЕРІ

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Қоғамдық кеңес отырысы бұл жолы өткір сұрақтар мен өзекті мәселелерге толы болды. Жол қауіпсіздігі сынға алынып, рұқсатсыз орнатылған жол кедергісінің...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ ҚАЙДА ЖҰМСАЛДЫ?

Айғақ медиа
01.05.2026
0

2025 жылы қала бюджеті бірнеше рет нақтыланып, жалпы көлемі 891,5млрд теңгеге жетті. Жыл қорытындысында түсімдер жоспары артығыменорындалғанымен, кейбір салаларда қаржы...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Жыл басынан бері Қаратау ауданындағы құрылыс жұмыстарына 4,2 млрдтеңге инфестиция тартылған. Бұл туралы қоғамдық кеңестің отырысында аудан әкімі айтты.Жиында Қаратау...

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРҒА ГРАНТ САНЫ АРТАДЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Алдағы оқу жылында Шымкенттегі колледждерге 6 мың грант бөлінбек. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының студенттеріне әкімдіктің қолдауымен 1 млрд теңгеге...

Elementor #134695

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Шымкентте жасөспірімдердің психологиялық жағдайымен айналысатын арнайы орталық жұмыс істейді. 2025 жылы құрылған мекеменің негізгі міндеті – суицидтің алдын алу. Алайда,...

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.