Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ҮШІН МЫҢНАН АСТАМ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
    Айғақ MEDIA

    АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ҮШІН МЫҢНАН АСТАМ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа29.06.2021528 Views

    Түркістан облысына күнбағыс майы республиканың басқа өңірлерінен тасымалданады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда күнбағыс майының импорты Ресей мемлекетінен 4,6%-ға төмендеген. Картоп, қырыққабат, сәбіз бағаларының маусымдық қымбаттауы маусымдылық — ауа-райының қолайсыздығына байланысты ерте өндірілетін өнімдер кеш піскен. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өспеуі үшін жасалып жатқан шаралар Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында баяндалды.

    Облыс әкімі азық-түлік бағасын өсірмеуді тапсырды. Осы мақсатта жыл соңына дейін жүзеге асырылатын нақты жоспарды бекітуді жүктеді. Кәсіпкерлік және сауда басқармасының мәліметіне сәйкес, картоп, қырыққабат пен сәбізге деген көршілес елдердегі сұраныстың жоғары болуына байланысты ауыл шаруашылығын өндіретін өндірушілер тауарларын экспортқа өткізуде. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуінің алдын-алу мақсатында, ірі сауда орындары мен дүкендер және әмбебап базарлармен ағымдағы жылдың 28 маусымдағы жағдай бойынша облыс көлемінде 1098 меморандум түзілген.

    Сонымен қатар, тұрақты түрде аудан, қалалардағы құрылған мобильдік топтар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Заңының 204-4 баптарына сәйкес 752 кәсіпкерге баға негіссіз көтермеу жөнінде ескертулер мен нұсқамалар берілді. Алдағы уақытта, аталған бағыт бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру мақсатында, «Айналым схема» механизімі аясында «Magnum» ірі сауда желісіне 200 млн.тг қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда, сауда желісі 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын нарықтағы бағадан 10-15%-ға төмен сатылуда.

    Аппарат отырысында сондай-ақ, облыс бюджетінің 1 шілдесіне күтілетін болжамның орындалуы туралы, Түркістан қаласы аумағындағы құрылысы аяқталған нысандар, жолдар мен аяқжолдар және абаттандыру бойынша анықталған ақаулардың орын алуы мен оны қалпына келтіру мәселесі туралы баяндалды.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.