Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТҮРКИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДАМУЫНА 20 МЛН. ДОЛЛАР БӨЛМЕК
    Айғақ MEDIA

    ТҮРКИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДАМУЫНА 20 МЛН. ДОЛЛАР БӨЛМЕК

    Айғақ медиаАйғақ медиа10.06.20211 295 Views

    Түркия Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің дамуына 20 млн. АҚШ долларын бөлмек, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    Бұл – игі істің басы ғана. Қомақты қаражат қара шаңырақты жаңғырту жобаларына жұмсалады. Білім ордасында түркология, Ясауитану орталықтары ашылады. Әлемнің ең үздік оқу орындарынан білікті мамандар тартылады. Жаңа факультеттер ашылып, үш тілде білім беретін мектеп салынады.Халықаралық білім ордасының даму жоспары жайлы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті Кеңес төрағасы Мухитдин Шимшек мырзамен кездесуі барысында талқыланды. Университет клиникасы заманауи жабдықтармен қамтылып, мамандардың түркиялық білікті дәрігерлермен тәжірибе алмасу жүйеге қойылады. Оқу орнының ботаникалық бағы жөндеуден өтеді.«Университет Түркістанмен бірге гүлденіп, дамуы тиіс. Жас, жанып тұрған жастарды жұмысқа тарту керек. Университетке жаны ашитын, оқу орнына берері мол азаматтарды таңдау қажет. Ішкі контентті күшейту керек. Ұстазға, студентке деген талапты күшейткенде ғана, әлемнің дамыған оқу ордаларымен теңдесе алады. Ол үшін студенттерді, мұғалімдерді материалдық тұрғыда қолдау қажет», – деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.Облыс әкімі арнайы шақыртумен келген университет мұғалімдерін баспанамен қамтамасыз етуді ұсынды. Ол үшін ұстаздарға арналған тұтас бір көпқабатты үй – «профессорлар үйі» бөлінуі мүмкін. Кездесу барысында халықаралық университетте ауыл шарушалығы факультеті, зертхана, гидромелиорация саласының мамандарын дайындайтын факультет ашу туралы айтылды. Оқу орнының жеке спорт кешенін салу мәселесі ортаға салынды.

    «Мен Түркістанға шексіз ғашық жанмын. Ой-пікіріміздің бір жерден шыққанына қуанып отырмын. Университетті дамыту бойынша ауқымды жоба жүзеге асады. Сингапурдағы білім беру жүйесін көп зерттедім. Осы бағытта жұмыс атқаратын боламыз. Түркиядан профессор, оқытушы мамандарды шақырып жатырмыз. Оқытушыларды таңдаған кезде үлкен мән береміз. Университетті дамытуға шамаммен 20 млн. долларды құрайтын қаражат бөлінеді», – деді Мухитдин Шимшек.Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта мәдени-танымдық жұмыстарды жандандыруға уағдаласты.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫ: ПАЦИЕНТТІҢ БАҚЫЛАУ МҮМКІНДІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

    17.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕН ФРАНЦИЯҒА ЖОЛ АШЫЛАДЫ: ШЕНГЕН ВИЗАСЫН РӘСІМДЕУ ЕНДІ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

    17.11.2026

    ӨНЕРКӘСІП ПЕН ЛОГИСТИКАҒА ЖАҢА СЕРПІН

    17.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.