Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Ордабасы аудандық мәслихаты депутаттарының қолдауы бойынша Ордабасы ауданының әкімі лауазымына Бағлан Батыршаевты тағайындады.
Бағлан Батыршаев бұған дейін жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының V шақырылымының депутаты болды. Сарыағаш ауданындағы №39 сайлау округінен халық қалаулысы атанған ол «Сарыағаш» шипажайын басқарып келді.
Сарыағашқа туристерді тартуда тынбай еңбек еткен бұрынғы депутат, бүгінгі мемлекеттік қызметшінің алдағы қызметіне сәттілік тілей отырып, Ордабасы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосады деген сенімдеміз.