• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қыркүйек 19, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ЖАЙЫЛЫМДАРДЫ 100% СУМЕН ҚАМТИТЫН ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

09.04.2021
0

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жұмыс сапарымен Түркістан облысына келіп, су шаруашылығы нысандарының жағдайымен танысты, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Арыс ауданындағы ««Көксарай  су реттегішіне» барған ведомство басшысы нысан бөгетінің беріктігін арттыруға және реконструкция жасауға арналған жобалық-сметалық құжатты тездетіп аяқтауды тапсырды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта министрлік облыста «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдірудің екінші фазасы (ИДЖЖЖ-2) жобасын жүзеге асыруда. Жоба облыстағы 62 мың гектар суармалы жердің мелиоративті жағдайы мен сумен қамтуды жетілдіруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге суару кезеңіндегі су жоғалту көлемі 199 млн.м3-қа дейін азайып, жайылымдарды сумен қамту 65%-дан 100%-ға жетеді. Жоба аясында  12,4 мың ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылады. Жалпы, ИДЖЖЖ-2 арқылы «Мақтаарал-1» бірінші жіберу кешені, «Мақтаарал-1» екінші жіберу кешені, «Арыс-Түркістан», «Қызылқұм-1», «Мақтаарал-2» ирригациялық-дренажды желілері іске қосу жоспарланған.

Министр осы ауқымды жоспар аясында жүріп жатқан Шардара, Жетісай аудандарындағы 6Р-2, 5Р-1, К-22-1, К-13-5, К-18 каналдарындағы құрылыс жұмыстарын тексерді.

Мағзұм Мырзағалиев  Шардара су қоймасынан машиналық әдіспен су көтеру станциясының вегетацияға дайындық жұмысын да көрді.

«Вегетациялық кезең жақындап келе жатыр. Диқандарды сумен қамтамасыз ету – біздің негізгі және стратегиялық міндетіміз. Маусымның сәтті өтуі осы жұмысқа тікелей байланысты. Облыста 300 мың гектар суармалы жер бар. Жұмыс тәулік бойы жүргізіліп, су үнемдеу технологиясын қолдану қажет. Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өздері де суармалы суды тиімді, ұқыпты пайдалануға қатысты шараларды қабылдауы керек», — деді Мағзұм Мырзағалиев.

Сапар барысында трансшекаралық Үлкен келес магистралды каналының (БКМК), «Зах», «Ханым» магистралдары каналдарының да жұмысы талқыланды.

«Өздеріңізге белгілі, Қазақстан жыл сайын көрші елдермен трансшекаралық су ресурстарын пайдалану бойынша келіссөздер жүргізеді. Уақытылы қабылданған шаралар өте маңызды. Алайда сумен қамтамасыз етуде су инфрақұрылымы мен су шаруашылығы нысандарының ахуалы да үлкен рөл атқарады. Сондықтан жөндеу жұмыстары сапалы, уақытылы жүруі керек», — деді министр.

Бұдан бөлек, Жетісай ауданындағы 1957 жылы салынған К-19 каналына автоматтындыру жүйесінің енгізілуін де атап өту керек. Себебі онда бүгінге дейін су қарапайым жолмен есептеліп келді, сондықтан су шығынын дұрыс бақылау қиынға соғып, ресурсты тиімді пайдаланылмау жағдайлары орын алды. Суды есептеудің автоматтты жүйесі енгізілгеннен кейін бұл тиімсіздіктер түгел жойылады. Әрі қарай осы жолмен Түркістан облысындағы басқа да каналдар жұмысы автоматтандырылады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕРЕЙТОЙ АЯСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ

МЕРЕЙТОЙ АЯСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ

Айғақ медиа
18.09.2025
0

30 жыл – 30 игі іс. Биыл төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл. Осы мерейтойдың қарсаңында Шымкентте сала қызметкерлері әлеуметтік...

ҮЗДІК ӘУЛЕТТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

ҮЗДІК ӘУЛЕТТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
17.09.2025
0

     Шымкентте «Отбасы күні» мерекелік іс-шарасы өтті. Аталмыш шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған. Мақсаты –...

798 КӘСІПОРЫН ЭКОНОМИКАҒА ҮЛЕС ҚОСУДА

798 КӘСІПОРЫН ЭКОНОМИКАҒА ҮЛЕС ҚОСУДА

Айғақ медиа
17.09.2025
0

      Шымкентте қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес жиналысында күн тәртібіне сәйкес Еңбекші және Қаратау аудандарының әкімдері, сондай-ақ...

ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ — ӘР АЗАМАТТЫҢ ПАРЫЗЫ

ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ — ӘР АЗАМАТТЫҢ ПАРЫЗЫ

Айғақ медиа
17.09.2025
0

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпы қалалық сенбілік ұйымдастырылды. Шараға қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұжымы...

КИНО ӨНДІРІСІ ДАМУДА

КИНО ӨНДІРІСІ ДАМУДА

Айғақ медиа
17.09.2025
0

Қазақ кино индустриясы соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Мәдениеттегі өзгерістерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, жаңа жобалардың жүзеге асуына жағдай жасалуда....

КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Айғақ медиа
17.09.2025
0

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында көшпелі қабылдау өтті. Іс-шараға «AMANAT» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.