• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Желтоқсан 29, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Хан Кененің бас сүйегі елге қайтарылады

08.04.2021
0

 

Кенесары ханның бас сүйегі табылып, жуық арада елге әкелінетін болды. Бұл туралы Тарих және этнология Институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Зиябек Қабылдинов сүйіншіледі,-деп хабарлайды qazaquni.kz

«Сүйінші! Кенесары ханның бас сүйегі табылды. Мені Ұлы ханның бас сүйегін елге қайтару туралы эксперттік комиссия құрамына қосты.

Бүгін біздің Ұлттық тарихымыздың жаңа кезеңі басталады. Бүгін біздің Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестік (достық) қарым-қатынасымыздың тіпті, бөлек кезеңі басталады.

Ресей Мәдениет министрлігі тарапынан Кенесары ханның бас сүйегін Қазақстанға қайтару жөніндегі ресейлік эксперттік құрамға шақырту алдым және өз келісімімді бердім. Өйткені, Кенесары ханның бас сүйегі табылды.

Дәл қазір Ханның бас сүйегінің қайдан табылғаны немесе қазір қайда тұрғаны туралы егжей-тегжейлі айта алмаймын. Бұл жерде дипломатиялық һәм формалды мәселелер бар. Ал Ұлы ханның бас сүйегін Қазақстанға қайтару туралы бастама Ресей билігінің жоғары лауазымды тұлғалары тарапынан болғаны анық», – деп жазды Зиябек Қабылдинов.

(Сегодня начинает свой отчет  совершенно новый этап в нашей национальной истории. Сегодня в истории взаимоотношений между двумя нашими дружественными государствами – Россией и Казахстаном – начинается качественно иной этап углубления  дальнейших добрососедских и мирных отношений:

Я получил приглашение со стороны Министерства культуры России по вхождению в состав российской экспертной комиссии по возвращению черепа хана Кенесары. Я дал согласие. Дело в том, что… Найден череп Великого Хана Кенесары!

Я не могу передать тонкости его обнаружения или нынешнего местонахождения: нужны некие формальности и небольшие дипломатические тонкости. Но то, что инициатива исходит со стороны высшего руководства России – очевидна!).

Біз профессор Зиябек Ермұханұлының өзіне хабарласып, мәселенің мән-жайын сұрап-білдік. Ол аталған ақпаратты растап, Кенесары ханның бас сүйегін елге қайтару туралы жұмыстар басталғанын және жоғарыда өзі жазғандай, дәл қазір бұл істің өте күрделі екенін, дипломатиялық һәм формалды мәселелерді ескере отырып, Ханның бас сүйегін елге қайтару жұмыстарын дабыра қылмай, ың-шыңсыз аяқтау керектігін айтты.

Зиябек Қабылдинов:

– 2022 жылы Қазақтың Ұлы Ханының бірі, Кенесары Қасымұлының өмірге келгеніне (1802-1847) 220 жыл толады. Орыстың әйгілі ғалымы, тарихшы әрі географ, этногенездің авторы Л.Н.Гумилевтың пікірінше қол астындағы халықтың жанашыры, көршілес мемлекеттер құрмет тұтқан, жаулары сыйлаған Ұлы Даланың нағыз тұлғасы Кенесары болған.

Патшалық Ресейдің әскерилері мен шенеуніктер қызмет талабы бойынша Хан Кенеге қарсы соғысса да, оған шынайы баға беріп, «Хас Батыр», «Қырғыз даласының митридаты»,  «Бүлікшіл сұлтан», «Батыл басшы», «Қырғыздың ұлттық батыры», «Барлығын талқандаушы дала дауылы», «Қырғыздың Шәмілі», «Ұлы батыр», «Дала батыры» және басқа деп атап, құрмет тұтқан.

Өзінің нағыз адамға тән қасиеттері арқылы әйгілі басшы өзінің жанына түрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдерін топтастыра білді. Көтерілісшілер арасында қазақтан бөлек, орыстар мен башқұрттар, қарақалпақтар мен өзбектер, татарлар мен поляктар болған. Олардың кейбірі қазақ ханының сеніміне ие болып, тіпті жоғары лауазымдарды да иемденген.

Мысалы Кенесарының хатшысы бұрынғы орыс сарбазы болса, оның сүйікті інісі Наурызбай сұлтанның шабарманы да  Николай Губин есімді орыс болған. Бедашев пен Малкин есімді орыс сарбаздары хан әскерінің отрядтарын басқарған. Мысалы Малкинді қазақтар «Кичик» деп атаған. Ол жеңілмейтін палуан еді, сондықтан да оны хан «Батыр Мұрат» атты лақап атпен атаған. Кейіннен ол отанына қайтқысы келгенде, Кенесары қасына төрт қазақтың батырын қосып, отанына жіберген. Араға уақыт салып ол қазақ ханына қайта оралып, қазақтың азаттығы үшін күресін ары жалғастырады.

Татар өкілі Әлім Ягудин Әскери Кеңестің мүшесі болса, ондаған жылдар бойы ханның дипломатиялық қызметін Сайдақ-қожа Оспанов есімді өзбек басқарды. Олардың барлығы Кенесары әскеріне жүйелілік енгізіп, көтерілісшілерге әскери және басқару тәжірибелерін берді. Бұл туралы Л.Мейер былай деп атап өтеді: «Кенесарыны сипаттаған сәтте оның орыс тұтқындарына өте әділетті қарағанын атап өту керек. Бұл факт көптеген мысалдармен бекітіледі. Ол өзіне өзгелерді сендіре алу бойынша ұлы қасиетке ие еді. Онда бірнеше орыс әскері соғысты».  Кенесары ұрысқа қабілетті 20 мың әскерді жасақтай білді. Ол Шыңғысхан іспетті өз әскерін ондыққа, жүздікке және мыңдыққа бөлді. Ұрыс даласында ерлік танытып, көзге түскен батырларға ол «жүзбасы» және «мыңбасы» атақтарын берді.

Кенесары мергендердің басын қосып, «мергенбасы» басшылық ететін ерекше жасақ құрды. Орыс әскерінің мысалында ол өз әскерлеріне ерекше айырым белгілерін жасатты. XIX ғасырдағы қазақ даласын жақсы білген ағылшын зерттеушісі Т.В.Аткинсон былай деп жазды: «Кенесары қырғыздардан (қазақтар) керемет әскер жасақтады. Маған көпшілік жігіттердің найза мен балтаны ұрыста керемет қолдануы күші басым жаумен соғысуға мүмкіндік бергенін айтты. Оларда мықты офицерлер болса, қырғыздар әлемдегі ең мықты кавалерияны құрайтын еді!».

Түйін. Хан Кененің бас сүйегін елге қайтару туралы сөз Қазақстан Тәуелсіздігін алған алғашқы жылдардан бері айтылып келеді. Түрлі мінберлерден, түрлі лауазым иелелі, тарихшылар мен зиялы қауым өкілдері, саясаткерлер және қазақ халқы: «Қазақтың соңғы Ханы – Кенесарының бас сүйегін елге әкелмей толайым той болмайды», – деп келдік.

Сонымен, Ұлы Ханның бас сүйегі мен жеке заттары (мылтығы, дулығасы және т.б) Қазақстанға оралуына бірнеше апта немесе бірнеше ай ғана қалды. Ханның бас сүйегі елге әкелінетін болса, Тәуелсіздіктің туы желбірей түсіп, мемлекет құрушы қазақ халқының рухы көтерілер еді! Кенесары Ханның тағдыры қазақ тарихынан еш уақытта бөлінбейді. Ендеше, сол күнді асыға күтейік…

qazaquni.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.