Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНІҢ АУМАҒЫНДА САКУРА ГҮЛДЕДІ
    Айғақ MEDIA

    ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНІҢ АУМАҒЫНДА САКУРА ГҮЛДЕДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа07.04.20211 353 Views
    Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанда Ясауи кесенесінің аумағындағы ботаникалық бақта сакура ағашы бүршік жарып жатыр. Ислам бағы негізінде салынған ерекше саябақта 200 түп сакура ағашы, жалпы әлемде сирек кездесетін мыңға жуық ағаш егілген. 7,7 гектар жерге жайғасқан демалыс аймағында жақын күндері мыңдаған қызғылт, күлгін, ақ түске боялған шие ағашының гүлденуі күтілуде, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
    Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы тынымсыз жүріп жатқан құрылыс, жөндеу жұмыстарын пысықтау үшін шаһардағы құрылыс алаңдарында болды. Ботаникалық бақта Германиядан арнайы әкелінген ағаш пен гүлдердің 50-ден астам түрі отырғызылған. Олардың ішінде сәндік жеміс ағаштары мен күлгін түсті күл ағашы, катальпа ағашы, долана, каштан, терек, тұт ағашы, үйеңкі, раушан гүлі мен қызғалдақтың сан алуан түрлері бар. Демалыс аумағы биіктігі 1 метрден аспайтын мыңға жуық ерекше дизайнды жарықшамдармен жарықтандырылған. 350 арнайы шамдар жол үстіне орналастырылған. Декоративті су арналары мен субұрқақтар салынған.
    Қаладағы жаңа саябақтар мен демалыс орындарын аралаған облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев құрылыс пен жөндеу жұмыстарын 10 күннің ішінде толық аяқтауды міндеттеді. 6 га жерде орналасқан «Рәміздер алаңында» көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мұнда 2 мың көшет отырғызылып, газон төселеді. Субұрқақтар мен арнайы демалыс орындары мен балалар алаңшалары ашылады.
    Облыс әкімі қаладағы мәдени — рухани орталықтағы құрылысы аяқталған жаңа ғимараттардың аумағына жолаяқтардың төселуі тым ұзаққа созылғанын қатаң сынға алды. Мойнына алған міндетті созбалаңға салған фирма өкілдеріне сылтау іздемей, тапсырысты дер кезінде орындауды тапсырды.
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.