Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Шымкент: Оң шешілген мәселе көп
    Бас ақпарат

    Шымкент: Оң шешілген мәселе көп

    Айғақ медиаАйғақ медиа07.04.2021715 Views

    Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен партия филиалы тарапынан бақылауға алынып, оңтайлы шешілген мәселелер, сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қоғамдық кеңесінің 2020-2021 жылдары атқарған жұмыстарын қорытындылау бойынша іс-шара өтті.
    Жиында қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева оң шешілген мәселелер бойынша баяндама оқыды. Баяндамаға сәйкес, 2020 жылы партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 25242 өтініш түскен. Оның: 70-ке жуық пайызы оң шешімін тауып, қалғаны бойынша заңға сәйкес түсінік берілген. Атап айтар болсақ, «Birgemiz» қоры арқылы қаржылай және азық-түлік себеттерімен 13000-ға жуық азамат көмек алған. Тағы 3000-дай адамға демеушілер есебінен әлеуметтік, қаржылай, материалдық көмектер көрсетілгені айтылды.


    Кездесуде одан әрі,Водопьянов көшесі №1 а үй, «Таскен», «Азат» тұрғын алабы тұрғындарының оң шешілген мәселелері бойынша ұсыныс пікірлері тыңдалды.
    Ал, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл Қоғамдық кеңесінің төрағасы Тасқынбай Бүрлібаев кеңестің 2020-2021 жылдары атқарған жұмыстары бойынша, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Дария Қожамжарова комиссияның 2020-2021 жылдары атқарған жұмыстары жайында баяндама оқыды.


    Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов партиялық бақылау комиссиясының атқарған жұмыстары көп екенін, бірақ мониторинг жұмыстарын әлі де күшейту қажет екенін айтып, қалалық партия филиалына бірқатар тапсырмаларды жүктеді.

    Сондай-ақ, жиында қаладағы құрылыс жұмыстарын сапалы әрі өз мерзімінде жүргізген мекеме басшыларына қала әкімі Мұрат Әйтенов атынан алғыс хаттар табысталды. Әкім алғыс хатын «Отау Строй» ЖШС-нің президенті Қайрат Молдасейтов, «Арт Құрылыс» ЖШС-нің директоры Ануар Төлендиев, «Ақ Ордасы» ЖШС-нің директоры Сайдулла Қалыбековтер алды. Айта кетейік мұндай мазмұндағы алғыс хаттар Шымкен қаласы әкімі атынан алғаш рет табысталуда.
    Сөз соңында әкім: «Біздің басты мақсатымыз – халықтың тұрмысын жақсарту және елдігімізді нығайта беру. Ел болып біріге білсек, алынбайтын асу жоқ. Басымызға түскен қиындықтарды біз әрдайым бірге еңсеріп, жетістіктерге бірлесе жетеміз», – деп қорытындылады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.