Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Шымкентте жаңа механизм арқылы қосымша 256 мың шаршы метр үй пайдалануға беру мүмкіндігі туады
    Айғақ MEDIA

    Шымкентте жаңа механизм арқылы қосымша 256 мың шаршы метр үй пайдалануға беру мүмкіндігі туады

    Айғақ медиаАйғақ медиа23.02.2021346 Views

        Бұл туралы Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баяндады.

    2020 жылы Шымкент қаласында 649,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, жоспар 37,1 мың шаршы метрге артығымен орындалды. 2019 жылмен салыстырғанда өсім 124 пайызды құрады.

    Бюджет қаражаты есебінен 3 304 пәтерлі 51 кредиттік және 112 пәтерлі 2 арендалық тұрғын үй салынған. Бұдан бөлек, нарықтан 696 арендалық пәтер сатып алынды.

    Ал, биыл қала бойынша пайдалануға тапсырылатын тұрғын үйлер ауданын 1 млн. шаршы метрге жеткізу жоспарланып отыр.     Бүгінгі таңда нақты тапсырылатын 744 мың шаршы метр тұрғын үйдің болжамы дайын. Оның ішінде 2 096 пәтерлі 33 кредиттік, 336 пәтерлі 6 арендалық үй. — Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен әзірленген тұрғын үй құрылысын дамытудың жаңа механизміне сәйкес, жеке құрылысшыларға тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру, қажетті инфрақұрылым жүргізу, инвестициялық шығыстардың бір бөлігін өтеп беру және жалға алынған баспананың арендалық төлемін ішінара субсидиялау мәселелері қарастырылып отыр. Аталған қолдау шараларымен тұрғын үй құрылысын жүргізуге жеке құрылысшы компаниялар тарапынан қызығушылық бар. Жаңа механизм арқылы қосымша 256 мың шаршы метр тұрғын үйді тапсыруға мүмкіншілік пайда болады. Жаңа жобаны мамыр айына дейін бекітуге ықпал етуіңізді сұраймыз, — деді шаһар басшысы.

    Осылайша арендалық төлемді субсидиялау арқылы Шымкент қаласындағы тұрғын үй кезегінде тұрған 42 мыңнан астам отбасыны баспанамен қамту мәселесін қысқа мерзім ішінде шешуге болатынын мәлімдеді.

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.