Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 40,9 ПАЙЫЗҒА АРТҚАН
    Айғақ MEDIA

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 40,9 ПАЙЫЗҒА АРТҚАН

    Айғақ медиаАйғақ медиа14.01.2021678 Views

    Соңғы жылдары Шымкентте барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер айтарлықтай өсті. Бұл ретте қалаға тартылған инвестиция көлемінің тұрақты өсімі байқалады. Осы жөнінде сейсенбіде өткен Үкімет отырысында белгілі болды.

    Мәселен, өткен жылы Шымкент қаласының экономикасына тартылған қаражат көлемі 278,5 млрд теңгені құрап, 40,9 пайызға артты. Оның ішінде мемлекеттік бюджеттен — 124,1 млрд теңге, жеке көздерден — 154,4 млрд теңге. Осылайша, былтырғы қалаға тартылған инвестиция көрсеткіші бойынша Шымкент елімізде екінші орынға ие болды.

    Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2020-2025 жылдар аралығында құны 1,4 трлн теңгені құрайтын 157 инвестициялық жобалардың базасы әзірленген. Оның ішінде өткен жылы шетел инвесторларының қатысуымен 13,1 млрд теңгеге 350 жаңа жұмыс орнымен 5 жоба іске асырылды.

    Қалада инвестициялық жобаларды бақылау мен мемлекеттік бағдарламаларды сапалы іске асыру мақсатында пилоттық режимде «Жобалық басқару кеңсесі» жұмыс істеуде.

    Сонымен қатар, кәсіпкерлерге оңтайлы жағдай жасау үшін «Бизнеске арналған Үкімет» фронт-офисі ашылып, шағын және орта бизнес үшін екінші деңгейлі банкттер тарапынан 35 млрд теңге несие берілген.

    Айта кетейік, қалада бизнесті дамыту үшін мемлекет тарапынан қолайлы жағдайлар жасалуда. Қазір мегаполисте 72 мыңнан астам бизнес субъектісі бар, оларда 160 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Жалпы өңірлік өнімдегі ШОБ үлесі 28,4%-ды құрайды.

    Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.