• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Наурыз 2, 2021
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1,4 млн адам қамтылды, 700 мың кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер жасалды — ҰЭМ

12.01.2021
0

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджетінің атқарылуының қорытындылары қаралды. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ел экономикасының жай-күйі туралы баяндады.

Министрдің айтуынша, 2020 жылы нақты сектор экономикалық драйвер болды. Ондағы өсім 2%-ды құрады. Көрсетілетін қызметтер үшін өткен жыл минус 5,6%-пен аяқталды, дегенмен соңғы айларда қарқын қалпына келе бастады. Соның нәтижесінде, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны минус 2,6%-ды құрады. Бұл 11 айдың деңгейінен жоғары. Нақты сектор салаларының көбі және жекелеген қызмет түрлері өсім көрсетті. Олар құрылыс, ақпарат және байланыс, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі және білім беру салалары. Сондай-ақ, кейбір салалардағы теріс өсімге қарамастан, жыл соңына қарай серпін жақсарды. Олар көлік, сауда, ғылыми және техникалық қызмет, жылжымайтын мүлік операциялары және кен өндіру өнеркәсібі. 2020 жылы экономиканы қолдау шаралары жұмыспен қамту мен іскерлік белсенділікті сақтауға ықпал етті.

Жұмыс орындарын сақтау және құру үшін Жұмыспен қамтудың жол картасы іске асырылуда. Зардап шеккен салалар үшін салықтық ынталандыру шаралары қабылданды. Шағын және орта бизнесті жеңілдікпен кредиттеу құралдары айтарлықтай кеңейтілді. Айналым капиталын қаржыландыру ұлғайтылды.  Жеңілдікті шарттармен кредиттерді қайта қаржыландыру, сондай-ақ кредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру ұсынылды. Бюджеттік және мемлекеттік басқарудың икемділігі қамтамасыз етілді. Бюджеттік ынталандыру артты. «Соның нәтижесінде, жұмыспен қамту шараларымен 1,4 млн адам қамтылды, оның ішінде 238 мың адам Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде қамтылды. 700 мың кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер берілді. Зардап шеккен салалардағы қарыз алушылардың 80%-ы кредиттік төлемдерін кейінге қалдырды. Кәсіпкерлердің 40 мыңға жуық жобасы төмендетілген мөлшерлемемен қаржыландырылды», — деді Р. Дәленов. Экономика құрылымының сапалы өзгеруі байқалды.

Өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі өңдеудің үлесі 9,4 пайыздық тармаққа артты, яғни 2019 жылғы 39,4%-дан 2020 жылы 48,8%-ға дейін. Жеңіл өнеркәсіптің, автомобиль жасаудың және дайын металл бұйымдарының екі мәнді өсуі байқалады. Өңделген, дайын тауарлардың экспорты ұлғайды. 2020 жылы өндірістің өсуінің арқасында жалпы тұтынудағы қазақстандық тауарлардың үлесі 4,7 пайыздық тармаққа өсті. Электрондық сауда үлесі 6 пайыздық тармаққа, қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 2 есеге және кен өндіруді есепке алмағанда инвестициялардың 14,8%-ға өскені байқалады. Өңдеу өнеркәсібі салаларында озық өсім байқалады. Жекелеген өңдеу салаларында өткен жылмен салыстырғанда өсім жеделдеді.  «Тамақ өндірісі 4%-ға дейін, қағаз өнімдері 16,4%-ға, фармацевтика 47%-ға, жеңіл өнеркәсіп 15%-ға дейін жеделдеді. Машина жасау 16,3%-ға, оның ішінде автомобиль жасау 52,5%-ға, былғары өнімдері 2,3 есе және ағаш бұйымдары 43,2% деңгейінде жоғары өсу қарқынын көрсетіп отыр», — деді Р. Дәленов. 2020 жылғы 11 айда сыртқы сауда айналымы $77,7 млрд, оның ішінде экспорт $43,4 млрд құрады. Әлемнің 117 еліне Қазақстан тауарларының 3 183 дайын, өңделген түрлері экспортталды. Импорт $34,4 млрд құрады.

Осылайша, $9 млрд деңгейінде оң сауда теңгерімі қамтамасыз етілді. 2020 жылы өңдеу өнеркәсібі озық өсім көрсетті. Өңдеудің өсу қарқыны 3,9%-ға дейін жеделдеді. Бұл ретте, ОПЕК+ келісімінің шеңберінде мұнай өндірісінің қысқаруы салдарынан кен өндіру өнеркәсібі 3,7%-ға төмендеді.  Соның нәтижесінде, жалпы өнеркәсіптің нақты көлем индексі 99,3%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібі бойынша 12 өңір өсім көрсетті. Жоғары өсім Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады. Министрдің айтуынша, 2020 жылы ауыл шаруашылығы 5,6%-дық өсумен оң аймаққа шықты. Бұл азық-түлікпен қаматамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік берді. Өсімдік шаруашылығы 7,8%-ға, мал шаруашылығы 3%-ға өсті. 13 өңірде оң серпін байқалады. Жоғары өсімді Қостанай және Ақмола облыстары көрсетті. Құрылыс секторында 11,2% деңгейінде жоғары өсу байқалады. Құрылыс жұмыстарының жоғары өсуін Түркістан облысы және Шымкент қаласы көрсетті. «2020 жылы рекордты 15,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 16,8%-ға жоғары. 15 өңір оң өсім көрсетті. Ең көп ұлғаю Нұр-Сұлтан қаласында – 1,7 есе байқалады», — деп атап өтті Р. Дәленов. Өңірлердің көбінде жоғары инвестициялық белсенділік байқалады. 12 өңір өсім көрсетті, оның ішінде 5 өңірде 20%-дан 60%-ға дейін өсім тіркелді. Ең жоғары көрсеткіштер Түркістан облысында және Шымкент қаласында байқалып отыр. Жалпы алғанда, негізгі капиталға 12,3 трлн теңге инвестиция тартылды. Инвестициялар кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда 14,8%-ға өсті.

Дереккөз: primeminister.kz сайтынан 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Түркістан облысында су қоймалары бойынша ахуал тұрақты

Түркістан облысында су қоймалары бойынша ахуал тұрақты

Айғақ медиа
02.03.2021
0

Қазіргі таңда облыс аумағында су тасқыны жағдайы бір қалыпты, тұрақты бақылауда. Су қоймалары мен өзендердің су өткізу денгейіне күнделікті мониторинг...

ШЫМКЕНТТЕ 1 СЫНЫПҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ 1 СӘУІРДЕН БАСТАЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ 1 СЫНЫПҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ 1 СӘУІРДЕН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
02.03.2021
0

Мектепке 1 сыныпқа баратын балалардың құжаты 1 сәуірден 1 тамызға дейін қабылданады. Бұл жөнінде білім басқармасы басшысы Жанат Тәжиева баспасөз...

Шымкентте QR код арқылы медициналық қызметті бағалауға болады

Шымкентте QR код арқылы медициналық қызметті бағалауға болады

Айғақ медиа
02.03.2021
0

Мемлекет басшысының бастапқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту жөніндегі тапсырмасына орай Шымкент қаласында бірқатар шаралар қолға алынып отыр. Жалпы Шымкент қаласының тұрғындарына...

Мектептерде ыстық тамақпен қамтуға рұқсат жоқ

Мектептерде ыстық тамақпен қамтуға рұқсат жоқ

Айғақ медиа
02.03.2021
0

    Шымкент қаласында 1 наурыздан бастап 1-5 сынып 25 оқушымен, 9,11 сынып 15 оқушыдан топтасып, 100 пайыз оқумен қамтылады....

Мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналардың өздері қабылдайды

Мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналардың өздері қабылдайды

Айғақ медиа
02.03.2021
0

Оқушыларға мектепке міндетті мектеп формасында емес, еркін және ұқыпты киімде келуге рұқсат етілген. «Оқу жылы басталғанға дейін Білім және ғылым...

«Шымкент жастар лигасы»: 20 млн кімге бұйырады?

«Шымкент жастар лигасы»: 20 млн кімге бұйырады?

Айғақ медиа
02.03.2021
0

Бүгін Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтың бастамасымен қолға алынған жобасы салтанатты түрде ашылды. Бұл жоба қалада алғаш рет ұймдастырылып отыр....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

Ресми бөлім №33 (12.08.2020)

Ресми бөлім №33 (12.08.2020)

Айғақ медиа
12.08.2020
0

ЖҮКТЕУ http://aigak.kz/wp-content/uploads/2020/08/33.pdf

Ресми бөлім №33 (12.08.2020)

Ресми бөлім №32 (05.08.2020)

Айғақ медиа
05.08.2020
0

ЖҮКТЕУ http://aigak.kz/wp-content/uploads/2020/08/32.pdf

Ресми бөлім №33 (12.08.2020)

Ресми бөлім №31 (29.07.2020)

Айғақ медиа
29.07.2020
0

ЖҮКТЕУ http://aigak.kz/wp-content/uploads/2020/07/31.pdf

Ресми бөлім №33 (12.08.2020)

Ресми бөлім №30 (22.07.2020)

Айғақ медиа
22.07.2020
0

ЖҮКТЕУ http://aigak.kz/wp-content/uploads/2020/08/30.pdf

№12, 2020 жыл

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.