Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Қазақстан Журналистер Академиясының академигі, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, Түркістан облысының, Шымкент қаласының «Құрметті азаматы», «Айғақ» Телерадиокомпаниясының бас директоры Дулат Назарбекұлы Әбіш Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен наградталды.
Бұл жоғары мемлекеттік награда Қазақстан Республикасының ел бірлігін нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау және рухани мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін беріліп отыр.