Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясында Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижесін жариялады.
ҚХА атынан мәжіліс сайлауына қатысатын кандидаттар көпшіліктің дауыс беруімен таңдалады. Мәжіліске Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 депутат сайланды. Дауыс беру нәтижелерін қалалық сайлау комиссиясы жариялады.
Естеріңізге сала кетейік, Мәжілістің депутаттық корпусы 107 адамнан тұрады. 98 депутат партиялық тізім бойынша сайланып, тоғызы ҚХА мәжілісінде таңдалады.
Дауыс беруге қатысқан ҚХА мүшелерінің жалпы саны — 351 адам. Мәжіліс депутаты кандидаттар үшін берілген бюллетеньдер: Сауытбек Абдрахманов — 298, Аветик Амирханян — 270, Ильяс Буларов — 274, Наталья Дементьева — 292, Юрий Ли — 282, Вакиль Набиев — 285, Шамиль Осин — 271, Владимир Тохтасунов — 277, Абилфас Хамедов 290 дауысқа ие болды.