ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы Түркістан облысында таңертеңгі сағат 7.00-де басталды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы №133 сайлау учаскесінде дауыс берді. БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында облыс басшысы Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы еліміздің жаңа тарихындағы маңызды кезең болып табылатынын атап өтті.
«Бүгінгі күн еліміз үшін өте маңызды. Еліміздің болашағын қалыптастыратын үлкен саяси іс-шара өтіп жатыр. Бұл сайлау өте ерекше сайлау. Өйткені партиялық тізіммен сайлау өтіп жатыр, өте ашық, бәсекелестік түрде өтіп жатыр. Сондықтан Түркістан облысының тұрғындарын өздерінің Конституциялық құқықтарын пайдаланып, келіп белсенді түрде дауыс беруге шақырамын. Бұл сайлау біздің еліміздің келешек жылдардағы болашағын айқындайтын үлкен іс-шара. Сондықтан белсенді қатысу әр азамаматтың міндеті деп ойлаймын», – деді облыс әкімі.