Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов парламент сайлауында дауыс берді. Сағат 10:00-де Түркістан сарайында орналасқан №231 сайлау учаскесіне келіп, жалпы есепте 83-ші болып болып өз таңдауын жасады.
Сондай-ақ, Мұрат Дүйсенбекұлы «Айғақ» телеарнасының әлеуметтік желідегі instagram парақшасындағы тікелей эфир арқылы мегаполис тұрғындарын маңызды күннің саяси науқанымен құттықтап, сайлауда белсенділік танытып, азаматтық борышын өтеуге шақырды.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттарының 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген сайлауы 7:00-де басталды. Саяси науқанға елімізде 5 партия өз кандидатурасын ұсынып отыр. Сайлауда дауыс беру Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-ге дейін жалғасады.
Шымкент қаласында 07:00-ден бастап 312 сайлау учаскесі өз жұмысын бастаса, Түркістан облысындағы сайлау учаскелерінің саны 911-ді құрады.
21 023 адам үшінші мегаполисте бірінші рет сайлауға қатысып, дауыс береді.
Бүгін Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде жолақы тегін!
Саяси науқанда өз дауысыңыздың маңызды екендігін ұмытпаңыз.