Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекені №456 сайлау учаскесінде жалпы саны 2596 сайлаушы тіркелген. Сайлау процесіне 5 партия мүшесі, 6 қоғамдық бірлестіктердің байқаушылары қатысуда. Дауыс беру Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бекіткен ережелерге сәйкес жүргізілуде.
Ордабасы ауданы бойынша 49 сайлау учаскесі бар. Сайлаушылардың жалпы саны 68 168 адамды құрайды.
aigak.kz