Шымкент қаласына облыстан қосылған 42 елдімекен бар. Олардың әлеуетін арттырып, өзекті мәселелерін шешу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау басты назарда. Дегенмен мегаполиске іс-сапармен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаттарына Маятас елдімекенінің тұрғындары өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді. Қаланың құрамына кіргенімен мұндағы халықтың басым бөлігі мал, егін шаруашылығымен айналысады. Бұл бағытта шаруаларға да көңіл бөлініп, қолдау қажет дейді жергілікті ағайын.
Сондай-ақ Бадам өзенінің көктем мезгіліндегі су тасу қаупін назарға алып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары қарастырылса дейді ақсақалдар. Тұрғындардың талап-тілегін тыңдаған сенатор Нұрлан Бекназаров мәселені қала әкіміне ұсыну арқылы оң шешімін қарастыруға болатынын жеткізді.
aigak.kz