Түркістанда » Ашық әкімдік» кеңсесі ашылды. Енді облыстың жеке және заңды тұлғалары мемлекеттік қызмет көрсететін 16 басқармадан бір терезе қағидаты бойынша кез келген сұрақтарына жауап алуға мүмкіндігі бар.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев аталған жобаның маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Бұл бастама халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге оң серпін бермек. Орталықтың жұмысымен танысқан өңір басшысы «Ашық әкімдік» алаңында онлайн форматта қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.