Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті қоғам қайраткері, ғалым, ҚР Ұлттық инженерлер академиясының академигі Қалық Абдуллаұлы Абдуллаевтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, — деп хабарлайды aigak.kz тілшісі.
«Көрнекті қоғам қайраткері, ғалым ҚР Ұлттық инженерлер академиясының академигі Қалық Абдуллаұлы Абдуллаевтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын.
Қалық Абдуллаұлы ұзақ жылдар бойы еліміздің өркендеуі жолына еселі еңбек етті, бірнеше жылдар бойы Үкімет мүшесі Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып, Қазақстанның дамуына зор үлес қосты. Ғалым энергетик ретінде көптеген іргелі жобалардың жүзеге асуына атсалысты. Сондай-ақ, ізгілік, қайырымдылық істермен айналысып, жетім балаларға, тұрмысы төмен отбасыларға және соғыс ардагерлеріне қамқор жасады. Қалық Абдуллаевтың есімі халқымыздың жадында қалады. Марқұмның жаны Жәннатта, иманы саламат болсын.
Қазақстан Республикасының Президенті, Қ.Ж.Тоқаев», — делінген жеделхат мәтінінде.