• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қазан 22, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы өз тиімділігін көрсетті — А. Мамин

15.12.2020
0

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру және жергілікті қамтуды дамыту мәселелері қаралды-, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі. «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, қаржы бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр баяндама жасады. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы отандық өндірісті дамытудың инвестициялық құралы ретінде өзінің тиімділігін дәлелдеді. Осыған байланысты, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Бағдарламаны қаржыландырудың жалпы көлемі 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылды», — деді А. Мамин. Коронавирус пандемиясына байланысты шектеу шараларын енгізуге қарамастан, «Қарапайым заттар экономикасы» аясындағы жобалар саны биылғы 10 қаңтардан 10 желтоқсанға дейін 2,5 еседен астам — 900-ден 2600-ге дейін ұлғайды, ал олардың сомасы 3,5 есе — 216 млрд теңгеден 700 млрд теңгеге дейін өсті. Аталған жобаларды іске асырудан жұмыс орындары санының болжамды өсуі шамамен 20 мыңды құрайды. Бағдарлама аясында несиелендіруге арналған тауарлар мен қызметтер тізімі анықталды, қарыз алушы үшін соңғы мөлшерлеме 8%-дан 6%-ға дейін төмендетілді, 2 жылға дейінгі пайыздық мөлшерлеме және негізгі қарыз бойынша жеңілдікті кезең енгізілді. Өткен жылмен салыстырғанда реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 2 есеге өсті, бұл 1,5 мыңнан астам отандық кәсіпорынды қолдауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді. Жергілікті қамтудың жоғары өсу қарқыны жеңіл өнеркәсіп өнімдерін 38%-дан 68%-ға дейін, жиһаз өнеркәсібі өнімдерін 39%-дан 71%-ға дейін, азық-түлік өнеркәсібі өнімдерін 41%-дан 74%-ға дейін, құрылыс материалдарын 34%-дан 71%-ға дейін сатып алуда байқалады. Өңірлер бөлінісінде Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстары көш бастап тұр (үлесінің орташа көрсеткіші 67%-дан 76%-ға дейін). Төмен көрсеткіштер Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында байқалады, оларда кейбір салалар бойынша жергілікті қамту үлесі 24%-дан 43%-ға дейін өзгеріп отырады. Үкімет басшысы бір ай мерзімде жаңа ынталандыруды, соның ішінде мемлекет тарапынан кепілдік мөлшерін ұлғайтуды көздейтін «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген кредит беру бағдарламасына түзетулердің жетінші топтамасын әзірлеуді тапсырды.

Премьер-Министр бағдарламаның барлық мақұлданған жобаларын уақытылы іске қосуды қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті. Жақсы мысал ретінде Алматы қаласы, Жамбыл және Қостанай облыстары келтірілді. Сонымен қатар Қызылорда және Атырау облыстарында мақұлданған көптеген жобалар әлі күнге дейін субсидияланбаған, онда жобалардың сомасы мен саны бойынша ең аз өсім байқалады. Өңірлердің әкімдіктеріне экономика салаларындағы жергілікті қамту үлесінің нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу ғана емес, сондай-ақ олардың белсенді өсуін қамтамасыз ету тапсырылды. Ол үшін жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі өңірлік комиссиялардың алаңын тиімді іске қосып, өңірлік бизнес пен негізгі тапсырыс берушілерді тарту керек. Индустрия және инфрақұрылымдық даму, энергетика министрліктеріне жер қойнауын пайдаланушылардың жергілікті қамту бойынша ерікті міндеттемелер қабылдауын көздейтін заңнамалық түзетулерді әзірлеу тапсырылды (жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары жыл сайын 7 трлн теңгеге жетеді).

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ТҰРҒЫН АЛАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ МАРАФОН

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте «Бір қадам – бір мақсат» атты марафон өтті. Спорттық шараға 500-ге жуық адам қатысып, салауатты өмір салтын қолдауға бір...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ӘЛЕМДІК ДОДАДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Әлемдік аренадан олжалы оралған палуанды Шымкентте салтанатты түрде қарсы алды. Грек-рим күресінен U23 санатындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Джохар Узаров...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте жас өнертапқыштар өзара бақ сынап, робототехника әлеміндегі шеберліктерін көрсетті. ROBOPARK LIGA XIII республикалық жарысына еліміздің әр өңірінен 50-ден астам...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру – қаланың әлеуметтік саясатының маңызды бағыты. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

 ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ ЖЕҢІСІ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ ЖЕМІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкенттік жас ақындар республикалық айтыста топ жарып, қала мерейін асқақтатты. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

ТАЗА ҚАЛА –МӘДЕНИЕТТІҢ БЕЛГІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығы мен көркеюін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.