Миллиондаған адам жұмыла атсалысатын игі іс шара жалғасын тапты. Жыл сайынғы дәстүрден жаңылмай жаһандық акцияға жұмыла кіріскен жұртшылық, қала көшелерінен бастап, қараусыз қалған жағалауларға дейін тазалауға кіріскен. Қазақстанның барлық өңірлерінде өткізіліп жатқан сенбіліктен шет қалмаған еріктілер ісі көз қуантады.
Сенбілік таңын табиғатқа қамқорлық жасауға арнаған еріктілер Бадам өзенінің жағалауын шөлмектер, темекі тұқылдары мен тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Шыны ыдыстарды, пластикалық қоқыстарды, тозбайтын темірлерді арнайы қаптарға бөліп салды. Бүкіләлемдік тазалық күніне орай өтіп жатқан сенбілікке табиғат жанашырлары белсене атсалысуда.
Табиғат — бізге ата-бабамыздан қалған асыл мұра.Тумасынан табиғатты сүйіп өскен қазақ үшін экология үлкен мәселеге айналарын кім білген?.. Бір кездері арнасынан асып-тасып жатқан Арал теңізі бүгінде жыламсырап ағып, тұзды аймаққа айналған. Бұл экологиялық апаттың аз ақ алдында тұрғандығымыздың бір көрінісі. Оған қоса тұрғындардың салғырттық танытып, бей берекет тұрмыстық қалдықтарды тастауы жалғаса берсе жағдай мүшкіл болары анық.
Енді тұрғындар да тазалықтың сақталуына бақылау жүргізіп, атсалыса алады. Уатсап желесі арқылы жедел желі 87759524900 нөміріне бей берекет шашылып жатқан тұрмыстық қалдықтардың суретін, мекен жайын жолдау мүмкіндігі бар. Бүгінде қолданыстағы бүл тәсіл тиімді тазалық жұмыстарын жүргізуге сен болып отыр.
Сенбілік барысында байқағанымыз экологиялық мәселелер тек еріктілерді алаңдататын сыңайлы. Бадам өзінінің жағалауында қоныстанған тұрғындардың бірі де жоқ. Әр азамат өз елінің патриоты болуы тиіс. Тазалық барлығымыз үшін маңызды. Сондықтан да қала тұрғындарын сенбіліктен шет қалмауға шақырамыз.