• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Шілде 15, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Шымкент: Абайдың 175 жылдығына орай жас Абайтанушының кітабы жарық көрді

11.09.2020
0

Шымкент қаласында жас абайтанушы Әзімхан Исабек Абайдың 38-ші қара сөзі деп аталып келген «КИТАБ ТАСДИҚ» атты кітабын жарыққа шығарды. Ол өзінің туындысын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арнап отыр, — деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Әзімхан Исабек 1996 жылы шым шаһарда дүниеге келген. Жас ғалым, әрі зерттеуші. Абайтанушы, ғалым Мекемтас Мырзахметұлы және Ақжол Қалшабек секілді профессорлардың шәкірті. Бүгінде ол М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да ашылған «Мұхтартану» ғылыми орталығында ғылыми маман болып жұмыс жасайды.

— Абай шығармаларының әлі де ашылмаған қырлары бар. Болашақта Мұхтар Әуезовтің өзі айтқандай аша алмай кеткен қыры мен сырын ашқым келеді. Мәселен, Абайдың бүкіл шығармаларын Мүрсейіт Бікіұлы есімді қолжазбагер көшірген. Алматы қаласындағы Әуезовтің жеке архивінде сақталған сол қолжазбаны қолға түсіріп біз қазақ әдебиетінде Абайдың «Китаб тасдиқ» туындысының транскрипциясын жасап шықтық. Бұл шығарма — бүкіл түркі халқына ортақ шығарма, еңбек қазақ әдебиетінде тұңғыш рет жасалып отыр. Дәл осы Абайдың бір ғана шығармасынан 400-ге жуық араб-парсы түрік тілдерінен тұратын сөздігін жасап шықтық. Ендігі мақсат кітапты шғарып, оқырмандарға ұсыну болып тұр, — дейді Әзімхан.

Сонымен қатар, Әзімхан жақында өткен «Әуезов оқулары – 17: әлемдік кеңістіктегі ғылым мен руханияттың жаңа серпілістері» атты Халықаралық конференциясында «Мекемтас Мырзахметұлы және Мұхтартану мәселелері» тақырыптарында баяндама жасады. «Жаңа жаһандық ахуалда Қазақстанның дамуындағы жастардың үлесі» атты республикалық ғылыми конференциясында 1-орынмен және 2017 жылы «Алаш» қозғалысының құрылғанына 100 жыл толуына орай өткізілген «Азаттықты аңсаған – арыстарым ардақты!» атты шығармашылық байқауында 1-орынды иеленген.

Одан өзге өз зерттеулерін «Мағжанның бір кем дүниесі», «Бауыржанның батасы», «Түнгі ғибадат», «Өмірдің өзінен өрілген жыр», «Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда», «Абай неге ұлы?» сынды мақалаларында ұсынып жүр.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

БАҚ өкілдері марапатталды

БАҚ өкілдері марапатталды

Айғақ медиа
14.07.2026
0

Масс-медиа өкілдерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары бірқатар журналисті арнайы марапаттады. Салтанатты жиында ақпарат саласының дамуына үлес қосып...

ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
14.07.2026
0

Шымкентте жаз басталғалы бері жасөспірімдер арасында бір қайғылы жағдай тіркелді. Осыған байланысты қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында Дендросаябақ аумағындағы №2...

СУДАҒЫ КӨРІНБЕЙТІН ҚАУІП

СУДАҒЫ КӨРІНБЕЙТІН ҚАУІП

Айғақ медиа
13.07.2026
0

Су айдындарында шомылуға, тіпті жүзе алған күннің өзінде, асықпаңыз. Себебі тілсіз жаудың қаупі тек оның ағысы мен тереңдігінде ғана емес,...

ШЫМКЕНТ АВИАЦИЯЛЫҚ БАЗАСЫНА — 75 ЖЫЛ

ШЫМКЕНТ АВИАЦИЯЛЫҚ БАЗАСЫНА — 75 ЖЫЛ

Айғақ медиа
13.07.2026
0

75 жыл бойы Қазақстанның оңтүстік аспанын күзетіп келе жатқан авиациялық база. Мыңдаған әскери ұшқыштың тағдырын тоғыстырған, ондаған жауынгерлік міндетті мінсіз...

ОНКОХИРУРГИЯНЫҢ ОЗЫҚ ӘДІСТЕРІ

ОНКОХИРУРГИЯНЫҢ ОЗЫҚ ӘДІСТЕРІ

Айғақ медиа
13.07.2026
0

Шымкентке мәскеуден арнайы дәрігерлер келді. Олар онкологиялық «Асқазан-ішек жолы мен кіші жамбас ағзаларының заманауи аз инвазивті онкохирургиясы» тақырыбында халықаралық шеберлік...

ЖУРНАЛИСТЕРГЕ МАРАПАТ ПЕН БАСПАНА

ЖУРНАЛИСТЕРГЕ МАРАПАТ ПЕН БАСПАНА

Айғақ медиа
13.07.2026
0

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Шымкентте журналистердің еңбегі бағаланды. Ұзақ жылдар бойы ақпарат саласында абыроймен еңбек...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.