• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Шілде 15, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Құрылыс, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібіндегі өсім

09.09.2020
0

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдің 2020 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері туралы баяндады. Тамыздың екінші жартысында қызметтер секторының бірқатар салалары жұмысты қайта бастады. Экономиканың нақты секторында өсім сақталуда. Олар құрылыс, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі салалары. Дайын өнім тауарлары экспортының ұлғаюы байқалады. Жылдық инфляция 7%-ға дейін бәсеңдеді. Тауарлар өндірісі 1,7%-ға өсті. Сонымен бірге көрсетілетін қызметтер 6,1%-ға қысқарды. Соның нәтижесінде, жедел деректер бойынша, жалпы ішкі өнім 3%-ға төмендеді. Өндіріс секторы салаларында, оның ішінде құрылыста 6,5%, ауыл шаруашылығында 4,9% және өңдеу өнеркәсібінде 3,3% өсім көрсетті. Сонымен бірге көрсетілетін қызметтер секторы салаларында, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар 4,3%, әкімшілік қызметтерді көрсету 5,1% сауда 10,5% және көлік қызметтері 16,1% төмендеу көрсетті. Бұл ретте, байланыс қызметтері 8,3%-ға артты. «Нақты сектор бәсекеге қабілеттіліктің жақсы нәтижелерін көрсетуде. Мәселен, есепті кезеңде автомобиль жасау 51,8%-ға, фармацевтика 34,1%, дайын металл бұйымдары 18,8%, қағаз өнімдері 15,3% және жеңіл өнеркәсіп 11% өсті», — деді Р. Дәленов. Дайын өнімдердің экспорты ұлғаюда. Жеті айда автомобильдер экспорты 7 есеге, ферросилиций 6 есеге, күнбағыс майы 1,7 есеге, титан құймаларының экспорты 20,5%-ға өсті. Есепті кезеңде әлемнің 105 еліне экспорт жасалды. Республика бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру 6,4%-ға өсті. Жақында, 4 қыркүйекте Standard and Poors халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның дербес кредиттік рейтингін инвестициялық сенімділік деңгейінде растады. Болжам — «Тұрақты». Жеті айда сыртқы сауда айналымы $48,7 млрд құрады. Экспорт $28,6 млрд, импорт –$20,1 млрд құрады. Сауда балансының оң сальдосы $8,5 млрд деңгейінде сақталуда. Өнеркәсіп өндірісі 0,4%-ға өсті. Өсім өңдеу өнеркәсібінің 3,3%-ға артуы есебінен болды. Бұл ретте, кен өндіру өнеркәсібі 1,5%-ға төмендеді. Өнеркәсіп бойынша өсім өңірлердің көбінде байқалады. Ең жоғары өсімді Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы көрсетті. Өңдеу өнеркәсібі 3,3%-ға өсті. Өсімнің жоғары қарқынын фармацевтика, дайын металл бұйымдары, машина жасау, оның ішінде автомобильдер және жеңіл өнеркәсіп көрсетіп отыр. Өңірлер бойынша жоғары өсу Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады. Негізгі капиталға 7 трлн теңге сомасында инвестициялар тартылды. 13 өңір өсім көрсетті. Ақмола, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында инвестициялар жоғары өсті. Құрылыс секторы тұрақты қарқынмен дамып келеді. Орындалған жұмыстардың көлемі 6,5%-ға өсті. Құрылыс жұмыстарының жоғары өсімі Түркістан облысында және Шымкент қаласында байқалады. 8,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға көп. «Өңірлерде 7 экономикалық көрсеткіш бойынша жалпы жағдай келесідей. Екі көрсеткіш (сауда және көлік) бойынша карантиндік шараларға байланысты төмендеу байқалуда. 5 көрсеткіш бойынша 7 өңірде өсім байқалады. Олар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. 4 көрсеткіш бойынша 7 өңірде өсім тіркелді. Бұл орташа деңгей. Ал, 3 өңірде 2-3 көрсеткіш бойынша ғана өсім байқалады. Олар Атырау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары», — деді Р. Дәленов. Экономикалық белсенділікті қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шараларды ескере отырып, орталық және жергілікті атқарушы органдар мынадай аспектілерге назар аударуы қажет. Карантиннен кейінгі кезеңде бизнестің жұмысын жан-жақты қолдау. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлерді қолдау құралдарын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету. Қазақстандық өнімнің үлесін ұлғайтуды және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін қаражатты толық және тиімді игеру. Инвестицияларды белсенді тарту және инвесторлармен нақты жұмыс жасау. Өңделген тауарларды өндіру және экспорттау үшін жағдай жасау. Баға мониторингін күшейту және Тұрақтандыру қорларының тетіктерін пайдалану арқылы маусымдық ауытқуларға жол бермеу. Өңірлік еңбек нарықтарындағы ахуалға тұрақты мониторинг жүргізу және жұмыспен барынша қамту.

primeminister.kz сайтынан

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

БАҚ өкілдері марапатталды

БАҚ өкілдері марапатталды

Айғақ медиа
14.07.2026
0

Масс-медиа өкілдерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары бірқатар журналисті арнайы марапаттады. Салтанатты жиында ақпарат саласының дамуына үлес қосып...

ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
14.07.2026
0

Шымкентте жаз басталғалы бері жасөспірімдер арасында бір қайғылы жағдай тіркелді. Осыған байланысты қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында Дендросаябақ аумағындағы №2...

СУДАҒЫ КӨРІНБЕЙТІН ҚАУІП

СУДАҒЫ КӨРІНБЕЙТІН ҚАУІП

Айғақ медиа
13.07.2026
0

Су айдындарында шомылуға, тіпті жүзе алған күннің өзінде, асықпаңыз. Себебі тілсіз жаудың қаупі тек оның ағысы мен тереңдігінде ғана емес,...

ШЫМКЕНТ АВИАЦИЯЛЫҚ БАЗАСЫНА — 75 ЖЫЛ

ШЫМКЕНТ АВИАЦИЯЛЫҚ БАЗАСЫНА — 75 ЖЫЛ

Айғақ медиа
13.07.2026
0

75 жыл бойы Қазақстанның оңтүстік аспанын күзетіп келе жатқан авиациялық база. Мыңдаған әскери ұшқыштың тағдырын тоғыстырған, ондаған жауынгерлік міндетті мінсіз...

ОНКОХИРУРГИЯНЫҢ ОЗЫҚ ӘДІСТЕРІ

ОНКОХИРУРГИЯНЫҢ ОЗЫҚ ӘДІСТЕРІ

Айғақ медиа
13.07.2026
0

Шымкентке мәскеуден арнайы дәрігерлер келді. Олар онкологиялық «Асқазан-ішек жолы мен кіші жамбас ағзаларының заманауи аз инвазивті онкохирургиясы» тақырыбында халықаралық шеберлік...

ЖУРНАЛИСТЕРГЕ МАРАПАТ ПЕН БАСПАНА

ЖУРНАЛИСТЕРГЕ МАРАПАТ ПЕН БАСПАНА

Айғақ медиа
13.07.2026
0

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Шымкентте журналистердің еңбегі бағаланды. Ұзақ жылдар бойы ақпарат саласында абыроймен еңбек...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.