2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым» , — деді Президент. Осы орайда Мемлекет басшысы жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта беретінін айтты. «Бұл мақсатқа алдағы үш жылда 1,2 трлн теңге бөлінеді», — деді Тоқаев.