Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»С.Қалқаманов: Тұрмыстық зорлық-зомбылықты жою — басты мақсат
    Айғақ MEDIA

    С.Қалқаманов: Тұрмыстық зорлық-зомбылықты жою — басты мақсат

    Айғақ медиаАйғақ медиа31.07.20201 040 Views

    Түркістан облысында  тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін оңтайлы шешу жөнінде ZOOM конференциясы арқылы кеңес өтті, — деп хабарлайды Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

    Облыс әкімінің орынбасары С.Қалқамановтың төрағалығымен өткен жиынға Қазақстандағы ЮНФПА халықтың қоныстануы мен дамуы және гендер жөніндегі бағдарламалардың ұлттық үйлестірушісі Молдақұлова

    Ғазиза,  ЮНФПА ұлттық кеңесшісі Сағадат Сабитова, «REFRAME» тұлға дамыту орталығының директоры

    Вероцкая Гүлжан, «Сана сезім» әйелдер бастамасы құқықтық орталығының басшысы  Хасанова Шахноза, Түркістан облысы «Көмек» баспанасы бар мемлекеттік дағдарыс орталығының басшысы Жусупова Малика қатысты.

    «Облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі өте өзекті.  Түркістан облысында отбасында зәбір көрген азаматтарға жан-жақты көмек көрсету бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұрын бұл өткір мәселемен  «Отбасы, балалар және жастар басқармасы» ғана айналысса, қазіргі таңда отбасы ахуалы және балалар арасындағы құқық бұзушылықты реттеуді облыстағы үш басқарма қолға алған. Біз ашық диалогқа әрқашан дайынбыз. Өңірде отбасылық зорлық-зомбылық мәселесі бір орталық ашумен шектелмейді. Бұл жайтқа стратегиялық тұрғыдан қарап, яғни проблеманың түп-тамырын жоюға күш салуымыз қажет», деді С.Қалқаманов.

    Облыстағы тұрмыстық зорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берген        ЮНФПА ұлттық кеңесшісі Сағадат Сабитова «Түркістан облысы тұрмыстық зорлықты жою бойынша нәтижелі жұмыс көрсеткен, республиканың өзге облыстарына қарағанда алдыңғы орында екенін атап өтті.

    Демографиялық өсім жағынан озық тұрған Түркістан облысында әйелдерге қатысты жасалған зорлық фактісі биыл айтарлықтай төмендеген. Атап айтқанда,  2018 жылдың 6 айында 1043 болса, 2020 жыл бұл көрсеткіш 575-ке төмендеген.

    Сондай-ақ облыста 2 млн. адам болса, оның 514-і 14-29 жас аралығындағы жастар. 2020 жылғы 6 ай ішінде жастар арасындағы өз өзіне қол жұмсау фактісі былтырғы жылмен салыстырғанда 12%-ға азайған.

    Бұдан бөлек, облыс әкімі  2020-2023 жылдарға арналған құқықтарды қорғау, балаларға жасалатын зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жоспарын бекітті.

    Аталған жұмысқа ҮЕҰ, мемлекеттік емес оқу орталықтары тартылуда. Мәселен, Ардагерлер кеңесімен «Әкелер мектебі» жобасы іске қосылса,  REFRAMЕ тұлға дамыту орталығымен мектеп психологы, сынып жетекшісі, мектеп мейірбикесі және өзге де азаматтар қатысатын «Бестерек» жобасы жүзеге асуда.

    Бұл жұмыстарды облыс әкімінің орынбасары өз бақылауына алған.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.