• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Маусым 20, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Өмірден кім өткенін білесіз бе?

03.07.2020
0

Қазақпен бірге жасайтын жан.

Өмірден кім өткенін білесіз бе? Жарылқасын Боранбаев өтті… Кім еді ол?

Біріншіден, ол — ақын. «Мазасыз маусым», «Мәңгілік өмір», «Жанартаулар», «Жаздың жылы жаңбыры», «Көктем тынысы», «Гүлдесте», т.б. салмақты жыр жинақтарының авторы. Оның сөзіне жазылған «Қазақы дастарханым», «Қоштасқым келмейді», «Сен екеуміз», «Неліктен?» әндері халыққа кеңінен танымал. Ең әуелі олардың сөзі салихалы болғандығы себепті танымал. 2011 жылы Тәуелсіздіктің 20-жылдығына арналған телемүшайрада, республика көрермендері электронды дауыс берген, нағыз бүкілхалықтық додада жеңімпаз атанған ақын.
Екіншіден, ол – Азамат! Мойынқұмның Бетпақдаламен шекарасындағы «Жуантөбе» аулында С.Сейфулиин мектебінің үш жыл директоры болып жүріп, қазақ публицистикасына, қазақ әдебиетіне көп олжа салған жан. Сол заманда жаңадан шыққан «Ана тілі» апталығының ең бір белсенді, өнімді авторының бірі болды. 1996 жылы «Ана тіліні» саңлағы» деген арнайы сыйлықты иеленді.
Содан кейін бес жыл Созақ аудандық «Молшылық үшін» газетін басқарған кезде кеңес дәуірінің келмеске кеткенін, енді қанша аңсағанмен оның қайтып оралмайтынын айтып, қиын болса да жаңа нарық заманына халықтың бейімделуіне аянбай ат салысты. Ел де оның ерен еңбегін бағалап, оған «Созақ ауданының құрметті азаматы» атағын берді.
Бұдан кейін Созақтағы Жыныс ауылындағы мектепте директор болған кезінде, үш жыл бойы жоғарғы-төменгі кабинеттердің табалдырығын тоздырып жүріп, қазақтың шертпе күйінің атасы Сүгір Әліұлының атын сол білім ошағына бергізді.
Үшіншіден, ол — тарихшы. Жай тарихшы емес, туабітті ғалымдық-зерттеушілік талант-дарыны бой бермей, сыртқа жарып шыққан тарихшы. Ғалым деп кімді айтады? Жұрттың бәрі жанынан күнде өтіп жүрген, бірақ, ешқайсысы мән беріп, басқаша көзқараспен – ғылыми тұрғыдан қарауға қабылеті жетпеген кезде, өзіне «бұл қалай?» деген сұрақ қойып, ойлы көзбен, жауап іздеп қарай білген адамды айтады. Әйтпесе, Ньютонға дейін де миллиондаған адам алманың жерге құлайтынын көріп жүрді ғой. Бірақ, «бұл неге құлайды?» деген, бір де бір адам баласының басына келмеген оғаш ой оның ғана басына келді.
Жақаң да сондай нағыз тарихшы ғалым болды. Оның тарихшылығы жайлы Шер-ағаң «Ақындар мен әкімдер» деген кітабында былай деп жазды: «Оңтүстікте Созақ деген ел бар. Бұл да шалғай жатқан, өзіне Қыдыр қонған ел. Созақтың орталығы Шолаққорғанға барыңызшы. Мәдениет Сарайы салтанатты, кітапханасы Алматы мен Астананың кітапханаларына үлгі боларлықтай. Аудан орталығында Жарылқасын Боранбаев есімді ақын тұрады. Ол тек жақсы ақын ғана емес, атағы жоқ ғалым, тарихшы. Жазғандарын оқып, мұның бәрін қайдан білесің, қай жердің архивінен таптың десең – ешқайда да бармаймын, біздің кітапханада бәрі бар, — дейді».
Жарылқасын Боранбаев «Қожа Ахмет Яссауи», «Бабай Түкті Шашты Әзиз», «Ысқақ баб», «Едіге», «Қарабура», «Саңғыл би», «Қара шаңырақ қалған жұрт», «Шығыс шайырларының соңы – Шәді ақын», «Тума талант – Саттар Ерубаев», «Тарихтың таң шапағы» секілді тарихи-танымдық кітаптардың, «Салықбай мерген» деген толғаудың авторы. Осы және басқа шығармаларының бәрінде де ол тыңға түрен салған, кейіпкерлерін көпке беймәлім қырынан таныта білген, шындықты ту етіп көтерген, ащы ақиқатты айта білген болатын. «Қазақ көтерілістері» ғылыми көптомдығының бір томын, өте терең білімді, табандылықты, қажырлылықты, талдай білу мен қорытындылай білер қабылетті қажет ететін аса күрделі еңбекті — «Созақ көтерілісін» жазып шықты. Терсікейден шыққан Құлыншақ Кемелұлы, Тәкен Әлімқұлов, Асқар Сүлейменовтердің өмірін, шығармашылығын зерттеп, танымды еңбек арнады.
Жақаңның әсіресе «Қазақ хандығы» қорын ашып, төрағалық етіп, Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібекке арналған тұңғыш монументтің Шолаққорғанда 2007 жылы бой көтеруіне мұрындық болып, сіңірген еңбегі ерекше.
Талай жыл ұстаздық еткен, екі мектепке директор болған, «Қазақстанның білім беру саласының құрметті қызметкері», өмірінің соңғы жылдарына «Балалар әлемі» журналын ашып, еңбек жолын ұрпақ білімімі мен тәрбиесіне бастап, сонымен аяқтаған азамат арамыздан кетті… Бірақ, қазақ бар да Жақаңның «Қазақы дастарханымы» ұмытылмайды. Ал, қазақ, Алла бұйыртса, мәңгі жасайтын халық. Демек, Жарылқасын Боранбаев есімі де мәңгі жасамақ!
Бүгінгі, болашақ ұрпаққа Жарылқасын Боранбаев нені аманат, нені өсиет етіп еді:
Ей, менің асқар тауым!
Қазақы дастарханым!
Мерейлі бақ-берекем!
Ақ-қайнар бастауларым!

Дәм татар талай ғасыр,
Ұрпақтар абай болсын!
Кірлетпей таза ұстасын,
Халықтың шарайнасын!

Қуаныш Айтаханов, мемлекет және қоғам қайраткері,

Нұрмахан Назаров, Түркістан ауданының құрметті азаматы,

Өмірзақ Ақжігіт, журналист.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

«ҚАЗАҚСТАН — ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТТЕРІНІҢ ІЗІМЕН»

«ҚАЗАҚСТАН — ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТТЕРІНІҢ ІЗІМЕН»

Айғақ медиа
16.06.2026
0

Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 11 сәуірдегі Өзбекстанға жасаған сапары аясында Шавкат Мирзиёевпен өткен кездесуден кейін «Қазақстан–Өзбекстан Президенттерінің ізімен» жобасы бастау...

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

«AMANAT» партиясы мен «Әділет» партиясы бірікті. Тарихи шешім Астанада өткен «AMANAT» партиясының XXVI съезінде қабылданды. Делегаттар бұл бастаманы бірауыздан қолдап,...

ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ БАҚ СЫНАДЫ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Бүгінде этнос өкілдері қазақ тілін еркін меңгеріп, қоғам өміріне белсенді араласып келеді. Осы бағыттағы жұмыстарды насихаттау және мемлекеттік тілдің мәртебесін...

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СПАРТАКИАДАДА БАС ҚОСТЫ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СПАРТАКИАДАДА БАС ҚОСТЫ

Айғақ медиа
11.06.2026
0

 Шымкент қаласының медицина қызметкерлері спартакиадада бас қосты. Ақ халатын спорттық киімге ауыстырған абзал жандар бұл жолы өзара спорт алаңында бақ...

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
11.06.2026
0

Шымкент қаласы әкімінің халықпен көшпелі кездесуі бұл жолы Әл-Фараби ауданында өтті. Қала басшысымен жүздесуге келген тұрғындар көкейлерінде жүрген мәселелерді ашық...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.