Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»2019 жылы көлеңкелі экономиканы қысқарту ҚР бюджетіне 1,5 трлн теңге қосымша табыс әкелді
    Айғақ TV

    2019 жылы көлеңкелі экономиканы қысқарту ҚР бюджетіне 1,5 трлн теңге қосымша табыс әкелді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа30.06.2020Updated:30.06.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында көлеңкелі экономиканы төмендету жөніндегі шаралар қаралды-, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

    Атқарылып жатқан жұмыстар туралы ҚР қаржы министрінің міндетін атқарушы Берік Шолпанқұлов, ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова және «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев баяндады.

    Қазақстан 2025 жылға қарай көлеңкелі экономика деңгейін ЖІӨ 20%-нан төмен деңгейге жеткізу міндетін қойды. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде ҚР бақылаудан тыс экономикасының үлесі 2019 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ-ге 27%-дан 23,62%-ға дейін төмендеді. Бұл бюджеттің кіріс бөлігін 1,5 трлн теңгеге қосымша ұлғайтуға мүмкіндік берді.

    ҚР-да бақылаудан тыс қызметті заңды айналымға тартуды ынталандыру, кедендік және салықтық әкімшілендіруді жақсарту арқылы заңнамалық базаны жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. Мәселен, бизнеске қолайлы болуы үшін және импорттан немесе өндірістен бастап бөлшек саудаға дейін тауардың қозғалу ашықтығын қамтамасыз ету үшін «Виртуалды қойма», «Таңбалау» модульдерімен «АСТАНА-1», «Электрондық шот-фактуралар» кешенді ақпараттық жүйелері іске асырылуда. Тексерулер санын, бизнеспен байланысты азайту, сондай-ақ тексеруді тағайындау кезінде адами факторға жол бермеу үшін «Тәуекелді басқару жүйесі» ақпараттық жүйесі іске қосылды.

    Үкімет басшысы заңсыз экспорттық-импорттық валюталық операцияларды жою бойынша ұсыныстар енгізуді, қызметтерді цифрландыруды жетілдіру, ақпараттық жүйелерді одан әрі интеграциялау, ҚР аумағында тауарларды қадағалау жөніндегі жұмысты жалғастыруды, сондай-ақ төлемдер мен төлем жүйелері туралы әрекет етіп тұрған заңнамаға электрондық ақша иелерін міндетті түрде сәйкестендіруге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

    Премьер-Министр мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру, артық талаптарды қысқарту, қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру, әкімшілік кедергілерді азайту, нақты әкімшілік салық салу арқылы бизнестің көлеңкелі сектордан шығуын экономикалық ынталандыру жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды.

    «Бизнесті ашық жүргізу экономикалық тұрғыдан тиімді болуы тиіс», — деп түйіндеді А. Мамин.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.