2020 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №37 БМСДҚ «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» (әрі қарай- №37 ҚР БМСДҚ) қаулысына, COVID-19 сырқаттанушылығының өсуіне байланысты, халық арасында коронавирус инфекциясының, таралуына жол бермеу мақсатында Шымкент қаласының аумағында 2020 жылы 25 мамырдан бастап 2020 жылдың 8 маусым сағат 00-ден 00 минутке дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылды. Бұл туралы Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың қаулысы шықты, — деп хабарлайды Айғақ-Ақпарат тілшісі.
Қаулы мәтініне сәйкес, мектеп және басқа да білім беру мекемелерінің түлектері үшін адамдардың қатысуымен өткізілетін бітірушілердің балдарын, кештерді, соңғы қоңырауларды өткізуге тыйым салынады.