Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан облысындағы «Бадам» индустриалды аймағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында
    Айғақ MEDIA

    Түркістан облысындағы «Бадам» индустриалды аймағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында

    Айғақ медиаАйғақ медиа22.05.2020749 Views

    Түркістан облысы,  Ордабасы ауданында орналасқан  «Бадам» қазақ-түрік индустриалды аймақтың   құрылысы 2012 жылы басталған болатын. Бүгін онда жалпы инвестиция қаражаты 4,6 млрд.теңгені құрайтын 4 өндіріс орны жұмыс істеуде. Сонымен қатар,  іргелес жерде аталмыш индустриалды аймақтың  инфрақұрылымын пайдаланатын 4 кәсіпорын орналасқан. Олардың инвестиция соммасы 20,7 млрд.теңгені құрайды.

    Алайда,  қазіргі уақытта қолданыстағы инфрақұрылым қуаттылығы жұмыс істеп тұрған зауыттардың сұранысын жабу үшін жеткіліксіз. Өйткені, бастапқыда жүргізілген инфрақұрылым кәсіпорындардың мұндай жоғары сұранысына есептелмеген болатын.

    Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев өңірдегі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен және осы «Бадам» қазақ-түрік индустриалды аймағының даму қарқынымен танысу мақсатында іссапармен Ордабасы ауданында болды.

    Облыс әкімінің орынбасары кездесуде жауапты сала басшыларымен  инфрақұрылымға қатысты мәселені шешудің ықтимал жолдарын талқылады. Мейіржан Мырзалиев инфрақұрылым қуатын, оның ішінде электр және газбен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету мен кәріз жүйелерінің қуатын 52 га дейін ұлғайту бойынша жаңа жобаны әзірлеуге тапсырма берді.

    Сарапшылардың пікірінше, жаңа серпіліс жасағалы отырған «Бадам» индустриалды аймағы әлеуетті инвесторлар үшін өте ыңғайлы әрі ұтымды жоба болмақ. Оның үстіне Шымкент қаласына жақын орналасқандығы да өндіріс орындарының қызметіне өте тиімді.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.