Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өзбекстан президеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мирзиеев Тоқаевты туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, бақыт пен жаңа табыс, ал бауырлас Қазақстан халқына береке мен өркендеу тілеген.
«Әңгіме барысында Сардоба су қоймасындағы төтенше жағдайдың салдарын жою жөніндегі өзара іс-қимыл және шаралар тиімді жүзеге асырылып жатқаны, әрі коронавирус инфекциясының таралуына байланысты екіжақты сауда-экономикалық қатынастардың теріс әсерін азайту бойынша іс-шараларын жүргізу керегі атап өтілді», — делінген хабарламада.