Бүгін 45 жасқа қараған шағында қоғам қайраткері Анарбек Орманның ұлы, «Су ресурстары Маркетинг» ЖШС-ның бас директоры, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Мұрат Анарбекұлы Орманов мезгілсіз дүниеден озды.
Мұрат Анарбекұлының қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.
Урманов Мурад Анарбекұлы 1975 жылы 27-ші маусымында Ташкент облысы, Узғарыш ауылында туылған. Ұлты – қазақ. 1991 жылы Жизақ облысы, Пахтакор қаласындағы № 31 В.Маяковский атындағы мектеп-интернатты бітірді.
1992 жылы мектептен кейін Шымкент қаласының экономика және құқық колледжіне коммерциялық қызмет мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1995 жылы бітіріп шықты.
1996-1997 жылдары « Шымкент-2» ЖШС-де директордың орынбасары қызметін атқарды.
1996-2001 жылдары Х.А.Яссауи атындағы Қазақ-түрік университетінде“Заңгер” мамандығы бойынша жоғары білім алған. 2002-2005 жылдары М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін “Сумен жабдықтау және су ресурстарын қорғау инженері” мамандығы бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 1997 жылы Шымкент қаласы, ІІБ – полиция кіші сержант қызметінен бастаған. 1998 жылы «Транс ВИК» ЖШС-де бас инженер болып жұмыс атқарған. 1998-2001 жылдары Қостанай облысы Ішкі істер басқармасында шұғыл іздестіру полиция инспекторы. 2003-2016 жылдар аралығында, әскери қызметін атқарып келген соң,Шымкент қаласы «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС автокөлік цехының бастығы, жалпы бөлім бастығы және бас директордың су қабылдағыш ғимараттарын басқару және өндірісті перспективті дамыту жөніндегі орынбасары болып еңбек еткен. 2016 жылдың желтоқсанынан осы күнге дейін «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-ның бас директоры қызметін атқарған еді.
Отбасылы, үш ұлы, бір қызы және үш немересі бар.