• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қазан 16, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Құны қымбат Жеңіс бұл!

09.05.2020
0

Қымбатты шымкенттіктер!
Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл ардагерлері!
Баршаңызды қатар келген қос айбынды мереке – 7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл екі мереке де отаншылдық пен патриотизмнің, ерлік пен елдіктің, қаһармандық пен бірліктің біртұтас ұғымына айналған айтулы да айдарлы мейрам.
Биыл Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске 75 жыл толып отыр. Тарихтың бетінен өшпестей орын алған бұл Жеңіс біздің аталарымыздың, әкелеріміздің, ағаларымыз бен әпкелеріміздің жанымен, қанымен, ерлік рухымен келген ең қастерлі, ең қымбат құндылық. Өйткені фашистік Германияға қарсы екінші дүниежүзілік сұрапыл соғыс қасірет әкелмеген, қайғы шектірмеген бір де бір шаңырақ жоқ. Қаншама боздақты жер жастандырған, қаншама ошақтың отын сөндірген қан кешу майданда Отан үшін, біздің жарқын, бейбіт болашағымыз үшін майдангер ата-әкелеріміз арын – байрақ, намысын – найза етіп, қаһармандық пен жанқиярлықтың өшпес үлгісін көрсетті. Олар жауға қарсы оқ болып атылды, от болып жанды. Жеңісті жақындатып, қаншама жауынгер майдан даласында мерт болды.
Ал алапат соғыстан елге аман оралған ардагерлер бейбіт өмірде де өскелең ұрпаққа ерлік пен еңбектің өнегелі өрісін танытып, адал қызмет етті. Сол ардақты ардагерлеріміздің қатары бүгінде сиреді. Бірақ оларға деген құрмет пен тағзым ешқашан аласармақ емес. Бұл Ерлік, бұл Жеңіс тарихтың алтын әріппен жазылған парағы болып қала береді. Бүгінгі ұрпақ аға буын ардагерлер танытқан қайсарлық пен қаһармандықты, ер жүректілік пен елді сүйе білуді үлгі етіп, бойларына сіңіреді.
Қадірлі майдангер ардагерлер, құрметті тыл ардагерлері!
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Біз Сіздердің алдарыңызда жанкешті ерліктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңіз үшін басымызды иіп, тағзым етеміз. Өйткені бүгінгі жеткен тәуелсіздігіміз бен шыққан тұғырымыз осы Сіздер әкелген Жеңістің жемісі.
Еліміз тыныш, аспанымыз ашық, жұртымыз аман болсын! Тәуелсіз еліміздің көкбайрағы биіктей берсін!

Мұрат ӘЙТЕНОВ, Шымкент қаласының әкімі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

ОТАНҒА АДАЛДЫҚ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ: ӘСКЕРИ ТӘРБИЕНІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Сабыр Рахымов атындағы әскери колледжде алғаш рет 105 кадет Әскери ант қабылдап, ел алдындағы жауапкершілігін сезінудің маңызды қадамын жасады Шымкент...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

 «ТАРТЫЛ FEST»: ШЫМКЕНТТЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ АРТЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Шымкенттегі «Арбат» аллеясы спортсүйер қауымның басын қосқан алаңға айналды. Мұнда жастар арасында воркаутты дәріптеп, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған «Тартыл FEST»...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІККЕ ЖАҢА МҮМКІНДІК

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Қазақстан-Венгрия бизнес-форумында өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, технология тарту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Экономиканы әртараптандыру, шетелдік инвестиция тарту және...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында бой көтерген кешен мүгедектігі бар азаматтардың денсаулығын қалпына келтіруге және қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік береді....

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

АНАЛАР МЕН НӘРЕСТЕЛЕР ДЕНСАУЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІРІ ЖОБА

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Ана мен баланың денсаулығын қорғау – денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыттарының бірі. Әсіресе халық саны қарқынды өсіп келе жатқан Шымкент...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Ұлттың зияткерлік әлеуеті мен елдің ертеңі білім сапасына тікелей байланысты. Ал сапалы білімнің негізін қалайтын – ұстаз. Өскелең ұрпақтың бойына...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.