Ұлы Отан соғысына Түркістан облысынан қатысқан ардагерлердің бүгінде 40 азаматы ғана тірі. 80 жыл бұрын Төлеби өңірінен Отан қорғау үшін майданға 10896 адам аттанған. Аудан басшысының бастамасымен ардагерлерге құрмет көрсетілді. Ерлерге құрмет – ұрпаққа міндет деп білетін өңір жастары да өз сыйлықтарын ала келген.